Қоңырсу – Есіл алабындағы өзен.
Географиялық орны Ақмола облысы Есіл және Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 46 км, су жиналатын алабы 736 км2, жалпы ұзындығы 14 км болатын 6 саласы бар.
Бастауы Бастауын сайлы-жыралы келген жазық өңірдегі бұлақтардан алып, Қоңырсу ауылынан төменде (Қыземшек тауының оңтүстігінде) Есіл өзеніне оң жағынан құяды.
Гидрологиясы Жоғарғы және орта ағысы сайлы-жыралы жазық өңірмен ағады. Төменгі ағысындағы жағалауы жарлауытты, жарқабақты келген. Орта ағысындағы арнасында бірімен-бірі жалғасып жатқан шағын 3 көл орналасқан. Жаз айларында ағыны қарасуларға бөлініп қалады. Алабы мал жайылымына, көл жағалауы мен төменгі ағысы шабындыққа пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Есіл ауданы (Ақмола облысы) өзендері Санат:Ғабит Мүсірепов ауданы өзендері Санат:Есіл су алабы