Планула (лат. planus — жалпақ) — ішекқуыстылардың дамуындағы личинка сатысы. Денесі ұзынша, құрт тәрізді, екі қабатты. Сыртқы қабаты — эктодерма, бұл нейроэпителилі, етті және атпа клеткадан тұрады. Ішкі қабаты — энтодерма. Планула суда еркін қозғалады, жетіле келе су түбіне түсіп, бір орынға бекіп, келесі сатысы — полипке айналады. Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Планула · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.