Роже Планшон (; 12 қыркүйек 1931 жыл, Сен-Шамон – 12 мамыр 2009 жыл, Париж) — француз режиссері, актер, драматург. қызметін 1952 ж. өзі ұйымдастырған Лиондағы «Театр де лэ комедиден» бастады. Режиссерлік өнерінің қалыптасуына Б. Брехт творчествосы зор ықпал жасады. 1957 жылдан Лионның маңындағы жұмысшылар қалашығы – Вийербанндағы «Театр де ла ситені» басқарады. У. Шекспирдің «Генрих IV» (1957), Ж. Б. Мольердің «Жорж Данден» (1958) мен «Тартюфы» (1962), А. Дюма-әкенің «Үш мушкетёрі» (1958) және Н. В. Гогольдің «Өлі жандары» (1959) бойынша қойған спектакльдері қазіргі уақытқа лайықталған тың шешімімен ерекшеленеді.Mort de Roger Planchon, dépêche AFP "Décès du dramaturge et cinéaste Roger Planchon", Le Monde, 12 мамыр 2009 Lemonde.fr Retrieved мамыр 25, 2009thumb|right|200px|Виллербандағы ұлттық театр Дереккөздер
Санат:Тұлғалар