Қарғын - Дулат Исабековтың 1980 жылы жарық көрген романы. "Қарғын" сөзі "сай-сайдан, жылғадан  аққан  құм-тасы  аралас  жауын суы; тасқын" дегенді білдіреді.

Тарихы

Қысқаша сипаттамасы Романның негізгі оқиғасы Алматы қаласында өтеді. Негізгі идеясы – адам бойындағы шынайы махаббат, адал сезім, биік парасатты жан-жақты көрсету. Шығарманың басты кейіпкері – атышулы жас жазушы Жасын және жоғары оқу орнына енді ғана түскен стдудент қыз Бағила. Жасын Мәдиев – ойы алғыр, өмір шындығына жасқанбай тура қарайтын талантты жазушы. Оның Бағилаға деген шынайы сезімі де өз мінезі сияқты қайшылыққа толы, тіпті, ішкі жан-дүниесінің өзімен-өзі арпалысы кезінде байқаусыз жас қыздың арына тиетін де сөздер айтып қалады.

Кейіпкерлері Бағила - 18 жасар жас қыз. Аудандық партия комитетінің бірінші хатшысының қызы. Өмірдің қиындығын көрмей өскен қыз. Алғаш рет әкесімен қалаға келеді, оқуға түседі. Бағиланың әкесі Қаратай - аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. Мейірімді, жағымды кейіпкер. Бағиланың анасы Ғайникамал - Момын, қанша ашуланса да қатты сөзі жоқ, балалары мен күйеуінің қас-қабағына қарап, солардың денсаулығы мен жақсы тұрмысына өмірін бағыштаған, дүниеде жамандық бар деп ойламайтын дарқан адам. Тұрғат - бидай өңді, қап-қара мұрты бар, әскерге барып келген; сыпайы, жұмсақ дауыспен сөйлейді. Автор оны "Өзін қашан да сылап-сипап жұрт алдында ізетті, алғыр, сыпайы, ақылды боп көрінуге тырысып, бір күй, бір қалыптан таймайтын бидай өңді сұлуша келген жігіт" деп сипаттайды. Сәргел - Сәргел қымыранды жақсы көреді, соның арқасында екінші әйелі Мәликемен танысады. Ғылым докторы, докторлығын Бағиланың әкесінің көмегімен қорғайды. Жағымпаз, қызғаншақ адам. Мәлике - Сәргелдің әйелі,бірбеткей,қайсар әйел,өмірден көп қиындық көріп,сонда да мойымаған, Бағиланың сырласы болды. Адамдарға ат қойып жүреді. Мәликенің бірінші күйеуі - барабаншы. Автор оны былай суреттейді: «Барабанда отырған грек тектес сақалды жігіт кешеден бері өз аспабын сағынып қалған болуы керек, басын тұқыртып алып, құлшына соғуға кірісті». Жасын Мәдиев - аты шулы жазушы, өмірге деген көзқарасы ерекше, прототипі Асқар Сүлейменов, салқынқанды, басқалардан бөлек ойлайтын болғанлықтан досы да жоқ. Суретші - Бағиланы 4-5 жыл бойы аңдып жүреді. Сыртынан сурет салады, суретке түсіріп алады. Мәнсия - Мәликенің қолында тұратын туысқан сіңілісі. 4-5 жасында жол апатына түсіп, мүгедек болып қалған.Сол аяғы тізесінен төмен қарай протез, ал оң қолы шынтағынан ішке бүгіліп жазылмай қатып қалған. Бағиланы жек көреді. Ректор -

Тағы қараңыз Дулат Исабеков Сыртқы сілтемелер Дулат Исабеков Cоциализм зәулімі Ескерткіш Бонопарттың үйленуі «ЖАСЫННАН» АСҚАР СҮЛЕЙМЕНОВТІ ІЗДЕДІК...

Дереккөздер