Архангельск облысы (, ауызекі тілде — Помо́рье) — Ресейдің Солтүстік Еуропалық бөлігіндегі 1937 жылы 23 қыркүйекте құрылған субъекті. Құрамына арктикалық архипелагтар: Франц-Иосиф Жері және Жаңа Жер және Соловецкий аралдар тобы кіреді, Ненец автономиялық округі, Колгуев және Вайгач кіреді. Баренц және Кар теңіздерімен шектеседі. Жерінің ауданы — 589 913 км² және халық саны — 1 202 295both the total population and the percentages are given without Nenets Autonomous Okrug адам (2013 жылғы мәлімет бойынша). Әкімшілік жағынан 19 ауданға бөлінеді, 11 қала, 37 қала типті посёлкалар бар. Орталығы — Архангельск қаласы.

Табиғаты Архангельск облысы Шығыс Еуропа жазығының солтүстік-шығысын алып жатыр. Орталық бөлігі - адырлы жазық (абсолюттік биіктігі - 150-250 м)., оның шығыс жағында солтүстіктен оңтүстікке созылған Тиман Бұйраты (303 м) мен Пай-Хой (467 м) жотасының аралығында Печора ойпаты бар. Климатты қатаң, қысы суық, жазы салқын. Қаңтардың орта температурасы -12,5°С-тан -20°С-қа дейін, шілдеде +8°С-тан +17°С-қа дейін. Жауын-шашынның жылдық орта мөлшері 350-550 мм. Солтүстік шетін көп жылдық тоң басқан.

Басты өзендері: Солтүстік Двина Онега Мезень Печораның төменгі ағысы.

Ірі көлдер: Лача Кенозеро Кожозеро

Архангельск облысының жері негізінен күлгін және батпақ топырақты. Жерінің 45 %-ы (18,5 мле га) қылқан жапырақты орман. Жануарлардан: бұғы, ақ түлкі, тиін, аю, қасқыр, құстардан: шіл, құр т,б, кездеседі.

Халқы Архангельск облысы - Ресейдің халқы өте сирек орналасқан аудандардың бірі. Орта тығыздығы - 1 км-ге 2.04 адам. Облыстың солтүстігінде, Солтүстік Двина өзені бойында халық тығыздау қоныстанған. Қала халқы - 76.0%. Ірі қалалары: Архангельск, Северодвинск, Котлас, Онега. Сольвычегодск мен Солонихада бальнеологиялық курорттары бар.

Шаруашылығы Негізгі шаруашылық орталықтары: Северодвинск, Новодвинск, Котлас, Коряжма, Няндома, Вельск қалалары. Северодвинск қаласында Ресейдің атамдық кеме жасау орталығы. Облыс аймағында Мирный қаланың маңында Плесецк космодромы орналасқан. Облыста ағаш өңдеу және оны экспортқа шығару, машина жасау, балық өңдеу өнеркәсібі, терісі бағалы аң аулау, сүтті мал шаруашылығы дамыған. Энергетикасы Печора бассейнінің көміріне негізделген. Облста гипс, әк т.б. құрылыс мариалдар өндіріледі.

Көлік Темір жолдардың жалпы ұзындығы 1760 км, өзен жолдары - 3,8 мың км, тас жолдар - 7230 км. Үш аэропорт бар. Архангельск, Котлас, Нарьян-Мар. Теңіз порттары: Архангельск, Онега, Мезень, Нарьян-Мар.

Галерея

1000px|Соловки көлі

Дереккөздер

Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том

Сыртқы сілтемелер Администрация Архангельской области (официальный сайт) Законодательство Архангельской области Стратегия социально-экономического развития Архангельской области до 2030 ж. История административного-территориального деления Архангельской области и губернии в XVIII—XX вв.\\Государственный архив Архангельской области Представители региона в Совете федерации Северный (Арктический) федеральный университет имени М. В. Ломоносова Карты Архангельской области Фотохроника Архангельской области Архангельская область в справочнике-каталоге «Вся Россия»

Санат:Ресей облыстары