Жақсы үгіт - қазақ ауыз әдебиеті шығармаларының жинағы. 1908 жылы Қазанда басылған. Ел аузынан жиап, бастырушы - Ішкі Орда зиялысы - Мақаш Бекмұхаммедұлы. Көлемі - 24 бет.
"Күйеу таңдаған қыз" (құрастырушы атымен берілген) "Есек пен бұлбұл" сияқты халық әдебиетінің үлгілері енген. Сонымен бірге Шекті Мөңке би, Шеркеш Түрке би, Тана, Нүрке билердің шешендік сөздері де бар. Суырып салма ақындар поэзиясынан: "Шалкиіз жыраудың Темірханға", "Жиембет жыраудың Есімханға", "Беріш Есет жыраудың қартайған шағында айтқаны", "Азаұлы ер Доспамбет ағаның жапанда өлейін деп жатып айтқаны",- дейтін жырлары бар.
Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Санат:Кітаптар