Боралдай ауылдық округі – Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы Құрамына Ертай, Көлтоған, Рысбек батыр ауылдары кіреді. Орталығы – Көлтоған ауылы.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том
+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Елді мекен 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен Ертай ауылы 723 764 105,7 354 399 112,7 369 365 98,9 Көлтоған ауылы 1495 1324 88,6 771 696 90,3 724 628 86,7 Рысбек батыр ауылы 473 457 96,6 254 259 102 219 198 90,4 Жалпы саны 2691 2545 94,6 1379 1354 98,2 1312 1191 90,8
Жер көлемі, жалпы 332,8 шаршы шақырым. 3 ауылда 3 орта мектеп, балабақша, ауылдық дәрігерлік амбулатория, 2 клуб, 3 кітапхана жұмыс істейді.
Бұрынғы Қоғалы ауылы туралы Ауылдық округ аумағында 1980 жылдарға дейін "Қоғалы" аталатын елді мекен болған. Жері шұрайлы, шөбі шүйгін бұл өңір мал өсірген қазаққа ете қолайлы мекен болған. Жер ауып, арып-ашып кеткен қыпшақтарды жергілікті халық мүсіркеп, бауырларына тартып, "ертерек қатарға қосылсын" деп оларға осы жерді берген екен.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы
Дереккөздер
Санат:Жуалы ауданы ауылдық округтері