Бүкпежапырақ немесе байғұт () — раушангүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық жатаған (желілі) сабақты өсімдікТ. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев..
Биологиялық сипаттама Сабағыны биіктігі 30-40см. Жапырақтары қысқа сағақты немесе сағақсыз өсімдік сабағына жабысып орналасқан. Төменгі жапырақтары бүйрек тәрізді, 7-9 бөлшектеген тұрады. Жоғарғылары - саусақ салалы, 9-11 қалақтан тұрады.
Гүлдері майда, сары-жасыл түсті, қос жынысты. Олар жалған шатыр гүлшоғырына топталған. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді.
Таралуы Бүкпежапырақ бүкіл Еуропа елдерінде таралған. Ормандарда, жол шетінде, көгалдарда жиі кездеседі.
Химиялық құрамы Жер бетіндегі бөлімінің құрамында илік заттар (7,2—11,3 %), катехиндар, флавоноидтар, фенолкарбон қышқылдары, лигнин, липидтар, кумариндар табылған. Жапырақтарында витамин С 210 мг % дейін болады. Аз мөлшеледе темір, бор, марганец, медь, мырыш, молибден, никель бар.
Пайдалануы Гүлдеген кезінде жиналып кептірілген шөбі медицинада қабыуға қарсы шипа ретінде, қақырық түсіргіш, зәр айдағыш ретінде колданады. Шөбінің тұнбасын ұдайы қолданса - холестерин көрсеткішін төмендетеді.
Сырттай фурункулезда, ойық жараға қарсы, безеулерде пайдаланылады. Қантыз диабетте, семіздікте, тұмау, эпилепсияда қосымша ем ретінде қолданылады Виноградов В. М., Мартынов В. К., Чернакова В. В. Лекарственные растения в лечении заболеваний органов пищеварения. Знание1991.
Дереккөздер
Санат:Раушангүлділер Санат:Дәрілік өсімдіктер Санат:Еуразия флорасы