Нұт () - Бұршақ тұқымдасына жататын тағамдық өсімдікТ. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев.

Билогиялық сипаттама thumb|Cicer arietinum Біржылдық өсімдік. Сабағы тік, биіктігі 20 см-ден 70 см-ге дейін болады. Жапырақтары тақ қауырсын тәрізді. Жемісі құрғақ - 1-2 дәнді кейде 4 дәнді бұршаққап. Дәндерінің диаметрі 0,5 - 1,5 см. салмағы 150-300 гр. Түсі сарыдан қоңырға дейін болады. Дәндерінің пішіні қойдың басы немесе үкі тәрізді. Піскенде екі жақтауының тігісінен қақырай, тұқымдары шашылады.

Таралуы Нұт дүниежүзінің 30 елінде өседі. Көбіне (90%) тропикалық және субтропикалық Азия - Үндістан, Қытай, Пәкістанда өсіріледі. Африка (Марокко, Тунис, Эфиопия) және Америкада (Колумбия, Мексика) аз мөлшерлерде өсіріледі. Орташа есепбен 1 гектардан 0,6-0,8 тона алынады.

Химиялық құрамы Нұт дәндеріде 20-30% ақуыз, 50-60% углеводтар, 7% майлар бар. Құрамында мырыш, фолий қышқылы, лизин аминоқышқылы, В-1 және В-6 витаминдер табылған.

Қолданылуы Нұт Орта Азия, солтүстік Африка және Солтүстік Америкада көп қолданылатын тағамдық өсімдік. Құрамында нәруыздық заттар көп болғандықтан өсімдіктің дәнінен басқа шөбі мал азығына пайдаланыладыБиология:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007.

Өндірісі Нұт өндірісі, мың тонна Ел 1985 1995 2005 Үндістан 4561 6436 6000 Пәкістан 524 559 868 Түркия 400 730 610 Иран 122 355 310 Мексика 139 167 240 Мьянма 138 76 230 Австралия 36 287 189 Эфиопия 0 125 135 Канада 0 1 98 Сирия 50 54 55

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер History and nutrition of Chickpeas, Casa Angola Internacional

Санат:Бұршақтар тұқымдасы Санат:Дәрілік өсімдіктер