Футболдан Мажарстан Ұлттық Құрамасы (маж. Magyar labdarúgó-válogatott) — Футболдан халықаралық матчтарда өнер көрсетіп жүрген Мажарстан құрамасы.
Тарихы Әлем Чемпионаттарындағы ең жоғарғы нәтижесіне 1938, 1954 жылдары қол жеткізіп, екеуінде де финалға жетті. Бірақ әуелгісінде Италиядан 2:4, кейінгісінде Германиядан 2:3 есептерімен ұтылып қалды. 1954 жылғы финалдық матч жайлы германиялықтар "Берндегі ғажайып" атты көркем фильм түсірді.
1952 жылғы Жазғы Олимпиадалық ойындардың чемпионы. Финалда Югославия құрамасын 2:0 есебімен тізе бүктірді. Әлем Чемпионатына соңғы рет 1986 жылы қатысты.
1950 жылғы 4 маусым мен 1954 жылғы 4 шілде аралығында 32 матч өткізіп, біреуінде де жеңілген жоқ. Бұл өзіндік рекорд әлі күнге бұзылмады. 1964 жылы Еуропа Чемпионатына қатысып, жартылай финалға дейін жетті.
Атақты футболшылар Флориан Альберт Ференц Бене Йожеф Божик Ласло Будаи Енё Бузански Золтан Цибор Антал Дунаи II Ласло Фазекаш Миклош Фехер Золтан Гера Дьюла Грошич Нандор Хидегкути Габор Кирай Ференц Деак Имре Сабич Шандор Кочиш Кальман Ковач Ладислав Кубала Михай Лантош Дьёрдь Орт Ференц Пушкаш Шандор Торгелле Дьёрдь Шароши Имре Шлоссер Лайош Тихи Йожеф Тот Йожеф Закариаш Дьюла Женгеллер Сабольч Хусти Тибор Нилаши
Форма
Дереккөздер
Сiлтемелер
HFF ресми сайты Мажарстан Ұлттық футбол құрама тарахи (En/Hun) Статистика (En/Hun) Статистика (En/Hun) Статистика (Hun) 1902 RSSSF барперлер IFFHS Archive: 1902–1910 Алтын командасы (Hun) Тарихи (in Dutch) sportmuzeum Голдар
Санат:Мажарстан Ұлттық футбол құрамасы