Италия Ұлттық футбол құрама командасы () Италияны халықаралық матчтар мен футболдан турнирлерде ұсынады. Елдегі футбол ұйымының негізгі басқарушысы Итальян футбол федерациясының қол астында бақылауда болады. Федерация 1905 жылдан бастап ФИФА мүшесі болса, 1954 жылдан бастап УЕФА мүшесі болып табылады.
Тарихы
Ұлттық құраманың алғашқы матчы 1910 жылы 15 мамырда Милан қаласында Францияға қарсы өткізілді. Ойын 6:2 есебімен италиялықтардың пайдасына шешілді. 1928 жылы тұңғыш рет Жазғы Олимпиада (Ойындар Амстердамда өтті) чемпионы атанды. Бұл табысын сегіз жылдан соң Берлинде тағы қайталады.
Құрама 1930 жылғы тұңғыш әлемдік мундиальға жолды алыссынып қатыспады. Ал, 1934 жылы белгілі диктатор Бенито Муссолинидің араласуымен Әлем Чемпионаты Италияда өтті. Бір қызығы, турнир қожайыны болса да, іріктеу ойындарына қатысып, Грекияны 4:0 есебімен ұтты да, финалдық турнирге жолдама алды. Әйгілі аңыз-бапкер Витторио Поццо баптаған құрама финалда Чехословакия құрамасын 2:1 есебімен ұтып, алтын жүлдеге қол жеткізді.
Арада төрт жыл өткен соң тағы сол Витторио Поццо жаттықтырған құрама екінші рет әлем чемпионы атанды. Бұл жолғы турнир Францияда өтті. Бұл жолғы жүлде оңайға түспеді: ә дегеннен оларға Норвегия футболшылары қатты қарсылық көрсетіп, қосымша уақытта әзер ұтты, келесі қарсылас — алаң иелері Франция болатын. Оларды да 3:1 есебімен ұтып, жартылай финалда турнирдің жалғыз "еуропалық емес" қатысушысы Бразилиямен кездесті. 2:1 есебімен жеңіске жеткен италиялықтар финалда Венгрия құрамасын ұтты — 4:2. Осылайша тарихта қатарынан екі рет әлемдік додада топ жарған тұңғыш құрама атанды. Кейін бұл жетістікті 1958-62 жылдары Бразилия қайталады.
Бұдан кейінгі әлемдік турнир 1950 жылы өтті. Бірақ бұл жолы да, бұдан кейінгі чемпионаттарда да Италия құрамасы жарқырай алмады. Тек жетпісінші жылдары ғана әлемдік элитаға қайта көтеріле алды. 1968 жылғы Еуропа чемпионатында алтын жүлдеге қол жеткізді. Арада екі жыл өткен соң Мексикадағы Әлем чемпионатында финалға шығып, Бразилиядан 1:4 есебімен ойсырай ұтылды.
1974 жылғы турнирде топтық турнирден шыға алмады. 1978 жылы үшінші орын үшін таласта тағы да Бразилиядан 1:2 есебімен ұтылып қалды. Бірақ 1982 жылғы чемпионатта Бразилиядан есе қайырып, оларды жартылай финалға барар жолда 3:2 есебімен тізе бүктірді. Бұл ойында осыған дейінгі матчтарда бір гол да соқпаған Паоло Росси хет-трик жасады. Паоло Росси Польшамен өткен жартылай финалдық матчта да екі гол соқты, сосын финалда Германияның қақпасын дәл көздеп, есеп ашты. Осылайша ол Италия үшін қатарынан алты гол соғып, чемпионаттың сұрмергені атанды. Финалда 3:1 есебімен ұтқан Италия үшінші рет әлем чемпионы атанды.
Араға 24 жыл салып, осы жетістігін қайталады. 2006 жылы Германияда өткен чемпионатта тек екі матчта ғана тең ойнап, қалған ойындарда түгел жеңіске жетті.
2012 жылғы Еуропа чемпионатында финалға дейін жетіп, Испаниядан 0:4 есебімен ойсырай ұтылып қалды.
2014 жылғы әлем чемпионатында топтан шыға алмады, ал 2018 жылғы әлем чемпионатына жолдама беретін шешуші матчта Швециядан өте алмай, 1958 жылдан бері бірінші рет Әлемдік додадан сырт қалды.
Қызықты фактілер 1974-1990 жылдары қатарынан бес Әлем чемпионатында Аргентина құрамасымен кездескен.
Ит жылдары өткізілген Әлем Чемпионаттарында тек Италия мен Бразилия чемпион атанып келген: 1934, 1958, 1970, 1982, 1994, 2006. Бұл дәстүр 2018 жылы ғана бұзылды.
Атақты футболшылары
Джино Колаусси Сандро Маццола Роберто Бонисенья Таркизио Бургнич Антонио Конте Алессандро Альтобелли Паоло Росси Сальваторе Скиллаччи Дино Дзофф Франко Каузио Паоло Мальдини Роберто Баджо Алессандро Дель Пьеро Джанлуиджи Буффон
Жетістіктері Әлем чемпионы: 1934, 1938, 1982, 2006 Әлемнің күміс жүлдегері: 1970, 1994 Әлемнің қола жүлдегері: 1990 Еуропа чемпионы: 1968, 2021 Еуропаның қола жүлдегері: 2000, 2012 Олимпиада чемпионы: 1936 Олмипиаданың қола жүлдегері: 1928, 2004 Конфедерациялар кубогының қола жүлдегері: 2013
Жеке рекордтар Ойыншылардың рекордтары Көп матч өткізген ойыншылар
2021 жылғы 20 маусымдағы жағдай бойынша Италия құрамасында ең көп ойын көрсеткен ойыншылар: # Аты-жөніОйынГолЖылдар 1Джанлуиджи Буффон 176 0 2Фабио Каннаваро 136 2 1997–2010 3Паоло Мальдини 126 7 1988–2002 4Даниэле де Росси 117 21 2004–2017 5Андреа Пирло 116 13 2002–2015 6Дино Дзофф 112 0 1968–1983 7Джорджо Кьеллини 109 8 8Леонардо Бонуччи 105 7 2010–қазіргі уақытқа дейін 9Джанлука Дзамбротта 98 2 1999–2010 10Джачинто Факкетти 94 3 1963–1977
Қарамен жазылған ойыншылар ұлттық футбол құрамасында әлі де белсенді.
Мергендер
2021 жылғы 11 маусымдағы жағдай бойынша Италия құрамасында ең көп гол соққан ойыншылар: #ОйыншыГолОйынАрақатынасКезең 1Луиджи Рива 35 42 2Джузеппе Меацца 33 53 1930–1939 3Сильвио Пиола 30 34 1935–19524Роберто Баджо27 56 1988–2004Алессандро Дель Пьеро 91 1995–20086Адольфо Балончери25 47 1920–1930Филиппо Индзаги 57 1997–2007Алессандро Альтобелли 61 1980–19889Кристиан Вьери23 49 1997–2005Франческо Грациани 64 1975–1983
Қарамен жазылған ойыншылар ұлттық футбол құрамада әлі де белсенді.
Сілтемелер Италия құрамасының 1910 жылдан бергі матчтары Дереккөздер
Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасы