Сайлаубек Исағұлұлы ТаушаевҚазақ энциклопедиясы, 2-том. Алматы - 1987 - Социалистік Еңбек Ері (1982 жыл), ауыл шаруашылығының озаты. ҚазССР - інің еңбек сіңірген ауыл шаруашылық қызметкері. 1948 жылы 20 қыркүйекте Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан), Ақсуат ауданы(қазіргі Тарбағатай) Жданов ауылында туған.
Еңбек жолдары 1976 жылы Семей облысындағы Новопокровка зоотехникалық малдәрігерлік техникумын бітірген. 1966-1976 жылдары - Семей облысы Ақсуат (қазргі Тарбағатай ауданы)ауданы , "Ақсуат" совхозында шопан көмекшісі, аға шопан. 1971 жылы - КОКП мүшесі 1976 жылдан осы совхоздың қой өсіруші комсомол - жастар бригадасының ұстаз-тәлімгері Он бірінші бесжылдықта ол басқарған бригада алған міндеттемелерін абыроймен орындап, зор табыстармен қорытындылады. Жыл сайын әр жүз саулық қойдан 120 - 143 қозы алды. Қой басын аман сақтап, мемлекетке жүн тапсыру жоспарын асыра орындады. 1981 - 1986 жылдары Қазақстан КП ОК-нің мүшесі болды. Он бірінші сайлаудың КСРО Жоғарғы Советінің депутаты.
Наградалары Екі мәрте Ленин ордені "Еңбек Қызыл Ту" ордені Социалистік Еңбек Ері (1982 жыл) Медальдар Грамоталар
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері