Қазақстандағы жол белгілері жол қозғалысы ережелерімен анықталады және жол белгілері және сигналдары жөніндегі Вена конвенциясына сәйкес келеді.

Жол белгілерін таңбалау Қазақстан Республикасының стандарттау туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Жол белгілерін нөмірлеу ҚР СТ 1125-2021 стандартына сәйкес келеді.

Қазақстандағы жол белгілері көп жағынан көршілес Ресейде қолданылатын жол белгілеріне ұқсас және кеңестік ГОСТ 10807-78 және қазіргі ресейлік ГОСТ Р 52290-2004 стандарттарынан, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі стандарттан жасалған. Дегенмен, ҚР СТ 1125-2021 стандарты ресейлік ГОСТ Р 52290-2004 стандартынан кейбір айырмашылықтары бар: Жол белгілеріндегі жазулар Қазақстанның ресми тілдеріне сәйкес қазақ және/немесе орыс тілдерінде жазылады; Санаттар саны: Ресейде ГОСТ Р 52290-2004 бойынша жол белгілерінің 8 санаты болса, Қазақстанда 7 санат бар. Себебі, Кеңес Одағындағы жол белгілері ГОСТ 10807-78 бойынша 7 санатқа бөлінді және бұл бөлініс 1991 жылы Кеңес Одағы тарағаннан кейін посткеңестік мемлекеттердің көпшілігінде, атап айтқанда ТМД елдерінен Украина мен Грузияда сақталды. Қазақстанға тән, бірақ Ресей мен басқа посткеңестік мемлекеттерде қолданылмайтын жол белгілерінің болуы.

Ескерту белгілері Ескерту белгілері жүргізушілерге олардың бойымен жүру жағдайға сәйкес шаралар қабылдауды талап ететін жолдың қауіпті учаскесіне жақындағаны туралы хабарлайды. Белгі нөміріКескінАтыТүсіндіру1.1 70pxШлагбаумы бар теміржол өтпесі1.2 70pxШлагбаумы жоқ теміржол өтпесі1.3.1 70pxБір жолды теміржолШлагбауммен жабдықталмаған теміржол арқылы өтпені белгілеу: бір жолмен.1.3.2 70pxКөп жолды теміржолШлагбауммен жабдықталмаған теміржол арқылы өтпені белгілеу: бір жолмен.1.4.1 35pxТеміржол өтпесіне жақындауЕлді мекеннен тыс теміржол өтпесіне жақындау туралы қосымша ескерту.1.4.2 35px1.4.3 35px1.4.4 35px1.4.5 35px1.4.6 35px1.5 70pxТрамвай желісімен қиылысу1.6 70pxТең мағыналы жолдардың қиылысуы1.7 70pxШеңберлі жүріспен қиылысу1.8 70pxБағдаршамның реттеуі1.9 70pxАшылатын көпір1.10 70pxЖағалауға шығу1.11.1 70pxҚауіпті бұрылыс оңға1.11.2 70pxҚауіпті бұрылыс солға1.12.1 70pxҚауіпті бұрылыстарҚауіпті бұрылыстар бар жол учаскелері: бірінші бұрылыспен оңға.1.12.2 70pxҚауіпті бұрылыстар бар жол учаскелері: бірінші бұрылыспен солға.1.13 70pxТік еңіс1.14 70pxТік өрлеу1.15 70pxТайғақ жол1.16 70pxТегіс емес жол1.16.1 70pxЖасанды бұдырлық1.17 70pxҚиыршық тас шашылғанКөлік құралдарының дөңгелегі астынан қиыршық тас, ұсатылған тас және сол сияқтылар шашырауы мүмкін жол учаскесі.1.18.1 70pxЖолдың тарылуыЕкі жағынан тарылуы.1.18.2 70pxОң жағынан тарылуы.1.18.3 70pxСол жағынан тарылуы.1.19 70pxЕкіжақты жүрісҚарсы жүру жол учаскесінің (жүру бөлігінің) басталуы.1.20 70pxЖаяу жүргінші өткелі5.16.1, 5.16.2 белгілерімен және (немесе). 1.14.1 – 1.14.3 таңбаларымен белгіленген жаяу жүргінші өткелі.1.21 70pxБалаларБалалар мекемесіне (мектептер, сауықтыру лагерлері және сол сияқтылар) жақын балалар жүріс бөлігіне шыға келуі мүмкін жол учаскесі.1.22 70pxВелосипед жолымен қиылысу1.23 70pxЖол жұмыстары1.24 70pxМал айдау1.25 70pxЖабайы хайуанаттар1.26 70pxТас түсуОпырылып құлау, көшкін жүруі, тас түсуі мүмкін жол учаскесі.1.27 70pxБүйірден соғатын жел1.28 70pxТөмен ұшатын ұшақтар1.29 70pxТоннельЖасанды жарықтандыруы жоқ тоннель немесе кіру порталының көрінуі шектеулі тоннель.1.30 70pxБасқа қауіптерБасқа ескерту белгілерімен көзделмеген қауіптіліктері бар жол учаскесі.1.31.1 x35pxБұрылыстың бағытыТ үлгісіндегі жол қиылысында немесе жолдардың тармақталуындағы жүру бағыты. Жолдың жөнделетін учаскесін айналып өту бағыты.1.31.2 x35px1.31.3 x35px1.31.4 x35pxБұрылыс бағыты1.31.5 x35px1.32.1 35pxКедергіні айналып өту1.32.2 35px1.32.3 35px1.33 70pxҚауіпті жол жиегі1.34 70pxКептеліс

1.1, 1.2, 1.5-1.30 ескерту белгілері қауіпті учаске басталғанға дейін елді мекеннен тыс жерлерде 150 – 300 м қашықтықта, ал елді мекендерде және тұрғын аймақтарда 50 – 100 м қашықтықта орнатылады. Қажет болған жағдайларда белгілер 7.1.1 тақтайшасында көрсетілетін өзге қашықтықта да орнатылуы мүмкін.

1.13 және 1.14 белгілері, егер еңістер мен өрлеулер бірінен соң бірі келетін болса, тікелей еңістің немесе өрлеудің басталуы алдында 7.1.1 тақтайшасысыз орнатылуы мүмкін.

1.23 белгісі жүру бөлігінде қысқа мерзімді жұмыстар жүргізілген кезде жұмыстар жүргізілетін жерге дейін 10 – 15 м қашықтықта орнатылуы (7.1.1 тақтайшасыз) мүмкін.

Елді мекендерден тыс жерлерде 1.1, 1.2, 1.9, 1.10, 1.21 және 1.23 белгілері қайталанады. Екінші белгі қауіпті учаске басталғанға дейін кемінде 50 м қашықтықта орнатылады.

1.4.1 – 1.4.3 белгілері жолдың оң жағынан, ал 1.4.4 – 1.4.6 – сол жағынан орнатылады. 1.4.1 және 1.4.4 белгілері – жүру барысы бойынша бірінші 1.1 немесе 1.2 белгісінің астында, 1.4.3 және 1.4.6 белгілері – екінші 1.1 немесе 1.2 белгісінің астында, ал 1.4.2 және 1.4.5 белгілері – бірінші және екінші 1.1 немесе 1.2 белгілерінің арасына тең қашықтықта өздігінен орнатылады.

1.3.1 және 1.3.2 белгілері тікелей теміржол өтпесінің алдына орнатылады.

Басымдылық белгілері Басымдық белгілері жол қиылыстарынан, жүру бөлігінің қиылыстарынан немесе жолдың тар учаскелерінен өту кезектілігін белгілейді. Белгі нөміріКескінАтыТүсіндіру 2.1 70px Басты жол Реттелмейтін жол қиылыстарынан басымдықпен өту құқығы берілген жолдар. 2.2 70px Басты жолдың аяқталуы2.1 белгісін жояды. 2.3.1 70px Екінші дәрежелі жолмен қиылысу 2.3.2 70px Екінші дәрежелі жолға жанасу 2.3.3 70px 2.3.4 70px 2.3.5 70px 2.3.6 70px 2.3.7 70px 2.4 70px Жол беріңіз Жүргізуші қиылысатын, ал 7.13 тақтайшасы болған кезде басты жолдың бойымен жүріп келе жатқан көлік құралдарына жол береді. 2.5 70px Аялдамай жүруге тыйым салынадыТоқтау-сызығының алдында, ол жоқ болса – қиылысатын жүру бөлігінің шетіне жетпей аялдамай жүруге тыйым салынады. Жүргізуші қиылысатын жол бойымен, ал 7.13 тақтайшасы болған кезде – басты жолмен жүретін көлік құралына жол береді.

2.5 белгісі теміржол өтпесі немесе карантин бекеті алдынан қойылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда жүргізуші тоқтау – сызығының, ал ол жоқ болса – белгінің алдында тоқтайды. 2.6 70px Қарсы жүру басымдығы Егер бұл қарсы жүруді қиындататын болса, жолдың тар учаскесіне шығуға тыйым салынады. Жүргізуші тар учаскедегі немесе оған қарама-қарсы кіру жолындағы қарсы көлік құралдарына жол береді. 2.7 70px Қарсы жүру алдындағы басымдық Жүргізуші оның бойымен жүру кезінде қарсы көлік құралдарына қарағанда басымдықпен пайдаланатын жолдың тар учаскесі.

Тыйым салатын белгілер Тыйым салатын белгілер жол жүрісіне белгілі бір шектеулер енгізеді немесе оларды жояды. Белгі нөміріКескінАтыТүсіндіру 3.1 70px Кіруге тыйым салынады Осы бағытта барлық көлік құралдарының кіруіне тыйым салынады. 3.2 70px Жүруге тыйым салынады Барлық көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады. 3.3 70px Механикалық көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады 3.4 70px Жүк автомобильдерінің жүруіне тыйым салынадыЖүк автомобильдері мен рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 т астам (егер белгіде массасы көрсетілмесе) немесе рұқсат етілген ең жоғары массасы белгіде көрсетілгеннен артық көлік құралдары құрамдарының, сондай-ақ тракторлар мен өздігінен жүретін машиналардың жүруіне тыйым салынады.

3.4 белгісі борттарында қиғаш ақ жолағы бар немесе адамдарды тасымалдауға арналған жүк автомобильдерінің жүруіне тыйым салмайды. 3.5 70px Мотоциклдердің жүруіне тыйым салынады 3.6 70px Тракторлардың жүруіне тыйым салынады Тракторлардың және өздігінен жүретін машиналардың жүруіне тыйым салынады. 3.7 70px Тіркемесі бар көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады Тіркемесі бар көлік құралдарының жүруіне және механикалық көлік құралдарын сүйретуге тыйым салынады. 3.8 70px Көлік-арбаның жүруіне тыйым салынады Көлік-арбаның (шананың), мініс және жүк артылған малдардың жүруіне, сондай-ақ мал айдауға тыйым салынады. 3.9 70px Велосипедпен жүруге тыйым салынады Велосипедтер мен мопедтердің жүруіне тыйым салынады. 3.10 70px Жаяу жүргіншілердің жүруіне тыйым салынады 3.11 70px Массаны шектеу Жалпы нақты массасы белгіде көрсетілгеннен артық көлік құралдарының, оның ішінде көлік құралдары құрамдарының жүруіне тыйым салынады. 3.12 70x70 нүкте Оське түсетін жүктемені шектеу Қандай болса да оське түсетін нақты жүктемесі белгіде көрсетілгеннен артық көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады. 3.13 70px Биіктікті шектеу Габариттік биіктігі (жүкпен немесе жүксіз) белгіде көрсетілгеннен артық көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады. 3.14 70px Енді шектеу Габариттік ені (жүкпен немесе жүксіз) белгіде көрсетілгеннен артық көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады. 3.15 70px Ұзындықты шектеу Габариттік ұзындығы (жүкпен немесе жүксіз) белгіде көрсетілгеннен артық көлік құралдарының (көлік құралдары құрамының) жүруіне тыйым салынады. 3.16 70px Ең төменгі дистанцияны шектеу Олардың арасындағы дистанция белгіде көрсетілгеннен кем көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады. 3.17.1 70px Кеден Кеден (бақылау пунктінің) жанында тоқтамай өтуге тыйым салынады. 3.17.2 70px Қауіптілік Жол-көлік оқиғаларына, аварияға немесе басқа қауіптіліктерге байланысты әрі қарай барлық көлік құралдарының жүруіне ерекшеліксіз тыйым салынады. 3.17.3 70px Бақылау Бақылау пункттері арқылы аялдаусыз жүруге тыйым салынады. 3.18.1 70px Оңға бұрылуға тыйым салынады 3.18.2 70px Солға бұрылуға тыйым салынады 3.19 70px Кері бұрылуға тыйым салынады 3.20 70px Басып озуға тыйым салынадыСағатына 30 километрден кем жылдамдықпен жүріп келе жатқан жекелегендерден басқа, барлық көлік құралдарын басып озуға тыйым салынады. 3.21 70px Басып озуға тыйым салынатын аймақтың аяқталуы 3.20 белгісін жояды. 3.22 70px Жүк автомобильдеріне басып озуға тыйым салынады Рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 т артық жүк автомобильдеріне, сағатына 30 километрден кем жылдамдықпен жүретін жекелегендерінен басқа, барлық көлік құралдарын басып озуға тыйым салынады. Тракторларға көлік-арба және велосипедтерден басқа барлық көлік құралдарын басып озуға тыйым салынады. 3.23 70px Жүк автомобильдерінің басып озуына тыйым салынатын аймақтың аяқталуы 3.22 белгісін жояды. 3.24 70px Ең жоғары жылдамдықты шектеуБелгіде көрсетілгеннен артық жылдамдықпен (км/сағ) жүруге тыйым салынады.

Ескертпе.

Егер жолдың осы учаскесіне енгізілетін ең жоғары жылдамдықты шектеу алдыңғы учаскедегі қозғалыстың жол берілген жылдамдығынан 20 км/сағ. аса өзгеше болатын болса, бір-бірінен 100 метрден 150 метрге дейінгі арақашықтыққа алшақтатылған 3.24 белгілерін жүйелі орнату арқылы 20 км/сағ. аспайтын қадаммен жылдамдықты сатылап шектеу қолданылады.

Жылдамдықты сатылап шектеу, егер белгілердің көрінуі кемінде 150 м құраса, 5.22 белгісімен белгіленген елді мекендер алдында қолданылмайды. 3.25 70px Ең жоғары жылдамдық шектелетін аймақтың аяқталуы 3.24 белгісін жояды. 3.26 70px Дыбыстық сигнал беруге тыйым салынадыСигнал жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін берілген жағдайлардан басқа дыбыс сигналын пайдалануға тыйым салынады. 3.27 70px Тоқтауға тыйым салынады Көлік құралдарының тоқтауына және тоқтап тұруына тыйым салынады. 3.28 70px Тоқтап тұруға тыйым салынады Көлік құралдарының тоқтап тұруына тыйым салынады. 3.29 70px Айдың тақ күндері тоқтап тұруға тыйым салынады 3.29 және 3.30 белгілерін бір мезгілде қолдану кезінде көлік құралдарының бір жақтан екіншісіне орын ауыстыру уақыты – сағат 19-дан 21-ге дейін. 3.30 70px Айдың жұп күндері тоқтап тұруға тыйым салынады 3.31 70px Барлық шектеулер аймағының аяқталуы 3.16, 3.20, 3.22, 3.24, 3.26 – 3.30 белгілерінің бірнешеуін бір мезгілде қолдану аймағының аяқталуы. 3.32 70px Көлік құралдарының қауіпті жүктермен жүруіне тыйым салынады «Қауіпті жүк» деген таным белгімен жабдықталған көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады. 3.33 70px Көлік құралдарының жарылғыш және тез тұтанғыш жүктермен жүруіне тыйым салынады«Қауіпті жүк» деген таным белгімен жабдықталған және МемСТ-19433 бойынша 1, 2.2 – 2.4, 3.1, 3.2, 5.2 сыныптарының қауіпті жүктерін тасымалдауға арналған көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады.

Нұсқайтын белгілер