Бүкіл әлемдік жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандарды еске алу күні (БҰҰ кейбір ресми тілдерінде: , , ) — БҰҰ Бас Ассамблеясының (Қарар № A/RES/60/5) шешімімен 2005 жылдан бастап жыл сайын қарашаның үшінші жексембі күні белгіленіп келеді.
2005 жылдың 26 қазанында жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандарды құрметтеу және олардың жанұя мүшелеріне көңіл айту үшін Бас Ассамблея өзінің шешімін БҰҰ-на мүше мемлекеттерге және халықаралық қоғамдастықтарға бұл Бүкіләлемдік күнді белгілеп өткізуді міндеттейтінін жариялады.
Санат:БҰҰ-ның халықаралық күндері Санат:Оқиғалар Санат:Автомобиль қауіпсіздігі