Бошай Кітапбаев"Ерлік - ұрпаққа мұра". Естелік кітап. Өскемен - 2010ж. ISBN 978-601-80088-4-0 — Социалистік Еңбек Ері (1971), әйгілі атбегі, ғалым, шежіреші.

Өмірбаяны және еңбек жолдары Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданының Жаңаүлгі ауылында 1923 жылы дүниеге келген. 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып 1944 жылы Беларусьтың Витебск қаласы үшін болған соғыста жараланып, бір аяғынан айырылып әскерге жарамсыздығынан елге оралады. 1945 жылдың сәуір айында Катонқарағай аудандық атқару комитетінің хатшысы қызыметіне орналасады. 1950 жылы Зайсан ауданының атқару комитетінің төрағасы қызыметіне ауысады. 1955 жылы Үлкеннарын ауданының Ленин атындағы ұжымшарының төрағасы болып сайланады. Еңбек ете жүріп, ғылыми жұмыспен де қатар айналысады.

Жетістіктері мен наградалары 1970 жылы экономика тақырыбына кандидаттық диссертация қорғап ғылым кандидаты атанады. «Октябрь революциясы» ордені Ленин ордені «Социалистік Еңбек Ері» (1971) Катонқарағай ауданы, Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы.

Жазған еңбектері "Тоғыз таңбалы Найман" (1,2,3 бөлім) "Айта айта Алтайды, Бошай ата қартайды"

Дереккөздер

Санат:Катонқарағай ауданында туғандар Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Қазақстан шежірешілері