Көлбақа () – құйрықсыздар отряды бақа тұқымдасына жататын түр.
Сипаттамасы Бақалардың ішіндегі ең ірісі, ұзындығы 170 мм-ге дейін жетеді. Қоңырқай, жасыл түсті келеді, үстінде күңгірт дақтары болады. Тістері үстіңгі жақ сүйектерінде ғана бар. Тілінің ұшы бос және екі айырылған. Көбінесе суда тіршілік ететіндіктен артқы аяғының жүзу жарғағы жақсы жетілген. Кейде судан жағалауға қоректену үшін шығады. Қорегін ұзын тілімен аулайды.
Таралу аймағы Олар әр түрлі аралас және жалпақ жапырақты орманды, дала мен шөлейт жердегі су қоймаларында және ағысы жылдам өзендерде мекендейді. Қазақстанда негізгі таралу аймағы Орал – Ырғыз – Торғай су айдыны мен Балқаш – Алакөл аралығы болып саналады.
Өмір сүру дәстүрі 100px|left Негізгі қорегі – жәндіктер, олардың ішінде қоңыздар, қосқанаттылар, жарғаққанаттылар, түзу қанаттылар, сондай-ақ майда құстардың балапандары, сұртышқандар, басқа қосмекенділердің итшабақтары. Кейбір жағдайда балықтардың шабақтарымен қоректеніп, балық шабақтарына зиянын тигізеді. Су температурасы 6 – 9С-та Көлбақаның белсенділігі тоқтайды да су түбіндегі шұңқырға қыстайды. Қыстаудан ақпанның аяғы – маусымның басында шығады.
Көбеюі 100px|right Көлбақалар 3 жылдан соң уылдырық шашады. Аналығы су жылынғанда (15,6 – 18,6С-қа көтерілгенде) ғана уылдырық шашады. Уылдырықтарының саны денесінің ірілігіне байланысты (4000 – 12000-дей) болады. Уылдырық шашу мерзімі 1,5 – 2,5 айға дейін созылады. Су жылы болғанда ғана 7 – 10 күнде ұрықтанған уылдырықтан ұзындығы 5 – 8 мм-ге жететін итшабақтар жарып шығады. Бір апта өткеннен кейін олардың ұзындығы 16 – 20 мм-ге жетіп, белсенді қоректене бастайды.
Пайдасы Көлбақаның итшабақтары биоценозда (энергия тасымалдаушы) үлкен рөл атқарады, еті кейбір елдерде (мысалы, Францияда, Қытайда, т.б.) тағам ретінде пайдаланылады.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том
Дереккөздер
Санат:Нағыз бақалар