Қалжат, Көлжат — Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы ауыл, Қалжат ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Шонжы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 110 км жерде, Кетпен (Ұзынқара) жотасының солтүстік етегінде, бұта аралас әр түрлі астық тұқымдасты шалғын шөп өскен қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты тау алдының қоңыржай ылғалды агроклиматтық белдемінде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен25242280 2244 98,4 1152 1148 99,7 1128 1096 97,2

Тарихы Іргесі 1930 жылы қаланған. 1930-1997 жылдарда қой өсіретін “Социализм” ұжымшарының орталығы болып келді. Оның негізінде 1997 жылдан шаруа қожалықтары құрылған.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ұйғыр ауданы елді мекендері