Әулиетөбе – Қарағанды облысы Осакаров ауданының шығыс бөлігінде, Молодёжный кентінен солтүстік-шығысқа қарай 10 км жерде, Ертіс-Қарағанды каналының оң жағалауындағы шоқы.

Жер бедері мен геологиялық құрылымы Ең биік жері 571 м. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 3,5 км-ге созылып жатыр, ені 2,5 км. Тас көмір жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырағында жусан, бетеге, қызыл селеу, сұлыбас, қозықұлақ, т.б. өседі.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Қазақстан шоқылары Санат:Осакаров ауданы таулары