Әулиешоқы – Қарағанды облысы Шет ауданы жерінде, Ақшатау ауылының шығыс жағындағы тау. Солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр, ұзындығы 8 км, ені 3 км.

Жер бедері Солтүстігі және шығыс беткейлері тегіс, жұмыр оқшауланған ұсақ шоқлы. Ең биік жері 926 м. Шығыс тау етегінде қорым тастар мол жиналған.

Геологиялық құрылымы Силур жүйесінің жоғарғы бөлімі жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Нашар дамыған қоңыр топырақ жамылғысында жусан, сұлыбас, бетеге, бұта өседі. Жазғы, қысқы мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Шет ауданы таулары