Ащылы, Талды – Ақмола облысы Қорғалжын ауданының солтүстік-батысындағы өзен, Есіл алабындағы Терісаққанның оң саласы. Ұзындығы 50 км, су жиналатын алабы 1070 км2.
Бастауы Ақсу көлінің оңтүстігіндегі жазықтан басталып, Терісаққан өзеніне оң жағынан құяды.
Гидрологиясы Өзеннің жоғарғы арнасы жазық, орта, төменгі арнасы тік жарлы. Ащылыға ұзындығы 10 км-ден аспайтын 4 сала құяды. Қарашаның басында суы қатып, сәуірдің басында мұзы ериді. Мал суаруға, алабы мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Қорғалжын ауданы өзендері Санат:Есіл су алабы