Ащылысай – Қалмаққырылған алабындағы өзен.
Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерімен ағады.
Бастауы Сарыоба тауының оңтүстік-батыс беткейіндегі бұлақтар суының қосылуынан құралады. Қумола өзеніне сол жағынан құяды. Биіктігі 426 м, ұзындығы 46 км, жағасы жарқабақты.
Гидрологиясы Орта және төменгі ағысында өзен кең аңғарымен ағады. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толығады. Өзен алабында жайылымдық жерлер мен қыстаулар бар. Суымен мал суарылады.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы өзендері