Жекешағыл – Арғанаты тауының оңтүстік-шығысы мен Арқарлы жотасының солтүстік бөлігінде орналасқан құмды алқап.
Географиялық орны Жетісу облысы Алакөл ауданы жерінде.
Жер бедері Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 16 км-ге созылып жатыр, енді жері 11 км. Аумағы 86 км2. Жер асты суының 3-5 м тереңдіктегі минералдылығы әр түрлі. Маңында Белсексеуіл, Тауқұм, Қарақұм, Сарықұм құмдары бар.
Өсімдігі Құм төбешіктерінде жусан, еркек шөп, сексеуіл, т.б. бұталы ағаштар өседі. Қысқы жайылым ретінде пайдаланылады."Қазақ энциклопедиясы"
Дереккөздер
Санат:Жетісу облысы құмдары