Желдіайрық – Іле алабында орналасқан өзен.
Географиялық орны Жетісу облысы Панфилов ауданы жерімен ағады.
Бастауы Бастауын Үлкен Тоқсанбай жотасының шығысындағы мұздықтардан алады. Арнасы тар, жарқабақты, тау аңғарларымен аға отырып, Қорғас өзеніне құяды.
Гидрологиясы Ұзындығы шамамен 25 км. Маңында Үлкен Өсек, Кіші Өсек, Қазақ өзендері орналасқан."Қазақ энциклопедиясы"
Дереккөздер
Санат:Панфилов ауданы өзендері Санат:Іле су алабы