Жаман Абралы – Абай облысы Жаңасемей ауданы, Абыралы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 14 км жерде орналасқан оқшау тау. Ащысу және Қарасу өзендерінің суайрығы.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1113 м. Жаман Абралы тауы солтүстіктен оңтүстікке қарай 18 км-ге созылып жатыр, енді жері 14 км. Шығыс беткейлері тіктеу келсе, батысы көлбеулеу келеді. Маңайында Ащыбай, Қарашоқы, т.б. қыстаулар орналасқан.

Геологиялық құрылымы Силур мен девон жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Таудың қызғылт қоңыр топырағында австрия жусаны, бетеге өседі. Баурайында бидайықты шалғындар кездеседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Жаңасемей ауданы таулары