Жаман Көктал – Іле алабындағы өзен.

Географиялық орны Алматы облысы Балқаш ауданындағы өзен. Ұзындығы 65 км.

Бастауы, гидрологиясы Жайлау қонысы жанындағы көлшіктен басталып, Ілеге (сағасына 37 км жетпей) құяды. Арнасы өзгеріп тұрады. Сағасына жақын қамыс, құрақ, бұта өскен. Құстар ұя салады. Мал суаруға пайдаланылады.‎Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Балқаш ауданы өзендері Санат:Іле су алабы