Недж (Nejd; Najd, ), Сауд Арабиясында Арабия түбегінің орталығында орналасқан облыс. Хиджаз тауынан төменірек орналасқан жартасты таулы өлке. Мұнда ел астанасы Эр-Рияд орналасқан. Неджде классикалық араб поэзиясы, сондай-ақ Сауд Арабиясының пайда болуына себепкер болған әртүрлі діни және саяси қозғалыстар дүниеге келді. 1905-1932 жылдары Неджді Ибн Сауд биледі, ал Хиджазбен қосылғаннан кейін тәуелсіз Сауд Аравия корольдығының бір бөлігі болды. Санат:Сауд Арабиясы
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Недж · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.