Вилли Хью Нельсон (; 29 сәуір 1933, Эбботт, Техас, АҚШ) — америкалық кантри-музыканты, әнші, композитор, актер және белсенді. Ол 1960 жылдардың соңында Нэшвилл дыбысының консервативті шектеулеріне қарсы жауап ретінде пайда болған аутло-кантри (outlaw country) субжанрының негізгі тұлғаларының бірі болды. 1973 жылы шыққан Shotgun Willie альбомының сыншылар тарапынан жоғары баға алуы, сондай-ақ Red Headed Stranger (1975) пен Stardust (1978) альбомдарының үлкен коммерциялық және шығармашылық табысы Нельсонды кантри музыкасындағы ең танымал әрі ықпалды әртістердің қатарына шығарды. Нельсон 30-дан астам фильмге түскен, бірнеше кітаптың авторы (тең авторы) және биоотынды қолдану мен марихуананы заңдастыру сияқты қоғамдық бастамалардың белсенді жақтаушысы. Нельсон — 12 мәрте «Грэмми» сыйлығының иегері (жалпы саны 57 рет номиницияға іліккен).

Дереккөздер

Санат:Grammy Lifetime Achievement Award иегерлері Санат:АҚШ кантри-музыканттары Санат:Кеннеди орталығының сыйлығы иегерлері Санат:Рок-н-ролл даңқ залына енген орындаушылар Санат:Liberty Records орындаушылары Санат:Columbia Records орындаушылары