Мүсәтір, аммоний хлориді, NH4Cl – түссіз, суда жақсы еритін кристалды зат; тығызд. 1,53 г/см³. Қыздырғанда балқымай ыдырайды: NH4Cl→NH3+HCl. Мүсәтірді аммиак ерітіндісіне тұз қышқылымен әсер ету арқылы алады. Мүсәтір артық мөлшердегі хлормен әлсіз әсерлесетін дақыл (қант қызылшасы, күріш, жүгері) егілетін, бейтарап және сілтілік топырақтарға арналған азот тыңайтқыштары (25%-ға дейін N) ретінде, гальваник. элементтер өндірісінде, медицинада қолданылады. "Қазақ энцклопедиясы - VI" Пайдаланған әдебиет

Санат:химия