Кәрім Мыңбаев (15 тамыз 1906, қазіргі Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Қызылдиқан ауылы – 30 қыркүйек 1948, Астана-Балқаш тасжолының 39 километрі) – қоғам қайраткері, ғалым, биология ғылым докторы (1944), Қазақ КСР ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1946).
Өмірбаяны Арғын тайпасы Қуандық руының Тоқа бөлімінен шыққан..
Орта Азия мақта-ирригация институтын бітірген (1932). 1932 – 36 жылы Қазақ ауыл шаруашылық институтында және Алматы селекция станциясында ғылыми-педогокикалық жұмыстарда болды. 1936 – 42 жылы Бүкілодақтық өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында (Ленинград) аспирант, академик Н.И.Вавиловтың жетекшілігімен кандидаттық, докторлық диссертация қорғап, сол институттың каучукты өсімдіктер бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
1942 – 44 жылы ҚазКСР Жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары, 1944 жылдан өмірінің соңына дейін Бүкілодақтық ауыл шаруашылғы академиясы Шығыс бөлімшесінің (ВАСХНИЛ) Қазақ бөлімшесінің Төралқасының төрағасы болды, Қазақ ауыл шаруашылық институтында өсімдіктер селекциясы және генетикасы кафедрасын, ҚазМУ-де дарвинизм кафедрасын басқарды. Сондай-ақ оның басшылығымен Алматы облысы Жамбыл ауданында тәжірибе танабы мен Ақмола облысындағы Шортанды ауыл шаруашылық тәжірибе станция ұйымдастырылды.
Негізгі ғылыми еңбектері өсімдіктер генетикасы мен селекциясына арналған. Мыңбаев көксағыздың биологиялық ерекшеліктерін зерттеп, оны сұрыптау әдістерін тапты. Дәнді дақылдар, оның ішінде бидайдың өнімділігін арттыру үшін оны тек суармалы жерлерде ғана емес, сонымен қатар Оңтүстік, Шығыс Қазақстан облыстарының тәлімі жерлерінде де егуге болатынын дәлелдеді. Сондай-ақ Мыңбаев Қазақстанда қант қызылшасы мен кендірді биологиялық-селекциялық жағынан ғылыми тұрғыда сипаттаған алғашқы ғалым болып саналады.
Ол 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы.
1948 жылғы 30 қыркүйек күні, Балқаш қаласы маңында ұшақ апатынан көз жұмды.
Естелік Алматы облысы Жамбыл ауданындағы бір ауылға және Алматы қаласындағы көшеге Мыңбаев есімі берілген.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Еңбектері Кок-сагыз. Биологические особенности развития и новые методы селекции, А.-А., 1946; Пути повышения урожайности сельскохозяйственных культур, А.-А., 1948; Пустыня Бетпак-Дала, А.-А., 1948; За передовую сель-скохозяйственную науку, А.-А., 1949.Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:15 тамызда туғандар Санат:1906 жылы туғандар Санат:Нұра ауданында туғандар Санат:30 қыркүйекте қайтыс болғандар Санат:1948 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан қоғам қайраткерлері Санат:Қазақстан биологтары Санат:Биология ғылымдарының докторлары Санат:Қызыл Ту орденінің иегерлері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушылары Санат:КСРО селекционерлері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 2-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР ғылым академиясы корреспондент мүшелері Санат:Орта Азия мақта-ирригация институты түлектері Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті қызметкерлері Санат:Бүкілодақтық өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты түлектері Санат:Қарағанды облысында қайтыс болғандар