thumb|Меркі ауданы Мерке, Меркі – ортағасырлық қалашық орны.

Жамбыл облысы, Мерке ауданы, Мерке ауылының батыс жағында, Алматы – Тараз автодаңғылының солтүстігіне қарай орналасқан. 1893 – 94 жылдары В. В. Бартольд экспедиясы, 1936 жылы Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі А. Н. Бернштам), 1964 жылы Жетісу археологиялық экспедициясының Луговой отряды қазба жұмыстарын жүргізген. 1986–87 жылдары Меркені Қазақ КСР тарихи және мәдени ескерткіштер жылнамасының археологиялық экспедиция зерттеген. Бұл Жетісуда ортағасырлық атауын сақтап қалған аздаған қалашықтардың бірі. Мирки қаласы 7 ғасырдан бастап белгілі. Ол 9–10 ғасырлардағы Кудам мен Ибн Хордадбехтің жолжазбаларында үлкен елді мекен деп аталып өтеді. Қалаға неғұрлым дәл сипаттама берген әл-Макдиси «Мирки – орташа аумақты, бекемделген, ішкі қамалы бар қала» деген. Меркенің орталықтағы қираған орны шығыстан батысқа қарай созылған төртбұрышты төбешік. Солтүстік жағы 380 м, шығысы 275 м, батысы 250 м. Қаланың оңтүстік-батыс бөлігінде ішкі қамалдың қалдықтары көтеріңкі көрінеді. Ол ішкі қаладан қазіргі кезде мүжіліп, шымға айналған биіктігі 1,5–2 м қорған дуалмен бөлінген. Қабырға бұрыштары дөңгелек мұнаралармен күшейтілген, ішкі қалаға кіре берісте оңтүстік-батыс бұрышынан тұрғызылған тағы да екі мұнара тұр. Ішкі қамалдың іш жағы 11075 м төртбұрыш алаң тәрізді. Оның беткі қабатында әр түрлі үлгідегі және көлемдегі алуан құрылыстардың қалдықтары дөңестеніп жатыр. Ішкі қамалдың батыс қабырғасының ортасына қарай ішкі қамал алаңының жалпы бетінен 4,5 м биіктіктегі тікбұрыш үлгісіндегі төбе жалғасқан. Оның жоғарғы қабатында ауданы 17х10 м жалпақ алаңқай бар. Жоғарғы жағында, жинақталған қарашірік астында көмір түйіршіктерінің дағы бар алтын түстес қабат та бар. Одан төменгі терең қабатта 38х38х8 см көлемдегі күйдірілмеген кірпіштен тұрғызылған қабырғаның қалдығы аршылды. Қабырғаның негізі қоқыс астында қалған. Осы жерден, сондай-ақ шикі кезінде саусақпен белгі салынған көл. 25х25х5 см төртбұрышты күйген кірпіштен төселген еден аумағы анықталды. Қабырға мен еденнің арасы бос ұнтақ, күл қалдықтарымен, ағаш көмірінің түйіршіктерімен толтырылған. Үйінді арасында күйдірілген кірпіш сынықтары мен қыш қалдықтары ұшырасады. Жылтырақ жасыл және қоңыр түстес шыны тәрізді қорытпамен қапталған шамдал-шырақ сынықтары, түбінде айдарлы жапырақша белгісі мен жиегінде әріптері бар әшекей-бедерлі тостағандар қалашықтың ең жоғ. мәдени қатпарын 11–12 ғасырларға жатқызуға мүмкіндік береді. Үйінділерде өзеннің малтатастары мен күйдірілмеген кірпіш сынықтары көп кездеседі. Бұл қабаттың оң жақ бұрышында 3,5 м тереңдікте иленген балшық қабырғасының ізі анық байқалады. Оның табанының деңгейінде алебастр әгінің ақ түйіршігі, ұсақталған сабан қосылған балшық сылақ пен ұсақ көмір түйіршіктері бар қабаттың бөлігі табылды. Қазба жұмысы кезінде көптеген көзелер, темір пышақ сынықтары, қоладан, шыныдан, тастан жасалған әшекей бұйымдар және ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жабдықтар табылды. Алынған материалдарға қарағанда қаланы адамдар 7–13 ғасырларда мекен еткенҚазақ энциклопедиясы.

Меркі тарихы Мерке — б.д.д. (бұдан әрі Меркі) Қытай патшалығын бағындырып, салық салып, үстемдік жүргізген, Ұлы Қытай қорғанын салуға мәжбүр еткен сақ, ғұн тайпаларының ішіндегі бір үлкен тайпаның аты. Тарихта осы ғұнның бір үлкен тайпасы асқар Алатаудың бауырына Іле бойынан Меркі жеріне дейін мекендеген. Сондықтан да Талғардың үстінде үш Меркі, қазіргі Меркі ауданының жерін, өзенін, тауын Меркі дейді.

Сақ, ғұндардан кейін бұл жерді үйсін ұрпақтары билеген. Үйсіннің 35-ші ұрпағы Меркі батыр — жерін, елін қорғап, халқын ұлан-асыр байлыққа бөлеп, бақытты өмір сүргізгенЖамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы .

Меркі орта ғасырдан Ұлы Жібек жолы бойында үлкен сауда орнына айналған көне шаһар екендігі тарихтан белгілі. Біздің жыл санауымызға дейінгі ІІІ ғасырда көптеген деректерде ежелгі Меркі жерін батыс Қарлұқ тайпалары мекендегені айтылады. «Қарлұқтар – ежелгі түріктер» — деп жазады Ибн әл-Фахих «Китабахтар әл бұлданның» 166 бетінде. Сондай-ақ Қазақ КСР тарихының І томында «Қарлұқтар Тараздың шығыс жағында мекендеді. Мұнда олардың қарауында Құлан, Мирки қалалары болды» делінген.

Меркі туралы 1716 жылы парсы тілінде жазылған «Қырғыз хандарының тарихында» былай делінген: «Бұл мекен жай ескі қала Тараздан шыққын жол бойында орналасқан. Аспара қамалынан 15–16 шақырымда Меркі елді мекені бар. Қала кішігірім өзен бойындағы биік төбеге орналасқан. Мешіті, керуен сарайы, жақсы базары бар…» Керуендер негізінен Жаркент пен Бұқарадан, Түркістаннан тоқтайды. Қала жасыл желекке бөленген. Бұған қарап Меркі жерін тек Қарлұқтар мекендеген ұғым тумаса керек. Оғыздар, қимақтар, соғдылар өмір сүрген. Табиғаттың таңғажайып көрікті жерінде орналасқан алтын бесік – туған жерімізді, түгін тартсаң майы шығатын мекен жайды ата-бабалырымыз дұрыс таңдап алғаны көрініп тұр. Бұл өлкеде ақбас қарлы шыңдары, аспанмен таласқан тау жоталары мен жүзген басқан құмды аймағы мен көгілдір кішігірім көлдері бар, қасиетті де киелі өлкенің шипалық сауықтыру аймағы екенін Республика жұртшылығы жақсы біледі.

Меркі қазан революциясына дейін сауда тасымалдау орны ретінде ауруханасы, пошта, бастауыш мектебі бар ауыл еді. Әкімшілік учаскесінің орталығын пристав басқаратын. Учаскеде Меркі, Қарақыстақ, Қорағаты, Аспара болыстары болды.

1916 жылығы 13 шілдедегі патша үкіметінің қазақ–қырғыз жастарын майданға алу жөніндегі жарлығы кедей – шаруалардың наразылығын туғызды. Осы тұста Ақкөз Қосанов басқарған Ұлт азаттық көтеріліс басталды. Осы көтеріліске қатысушыларға Меркілік жас өскін кайраткерлер — «Қазақ–қырғыз жастары революциялық одағының» мүшелері Тұрар Рысқұлов, Қабылбек Сармолдаев, Мақсұт Жылысбаев, Ысқақ Әсімов саяси жетекшілік жасады.

1917 жылы Әулиеата уезінде Кенес үкіметі орнап, болыс атқару комиттері жанынан коммунистік ұялар құрыла бастады.

1928 жылы 3 қыркүйекте ВЦИК-тің шешімімен Меркі ауданы құрылды. Аудындық партия комитетінің алғашқы бірінші хатшысы Таджин, аудандық атқару комитетінің төрағасы Ш. Омаров, аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы Оморходжаев болды.

1928–1929 жылдары Меркіде ұжымдастыру жұмыстары жүргізілді. 1929 жылы «Қызыл шығыс», «Қызыл интернационал», «Кеңес», «Қызыл еңбек» және басқа ауылшаруашылығы артельдері, яғни 31 ұжымдар ұйымдастырылды. 1930 жылдары Меркі қызылша кеңшары құрылды.

1932 жылы Меркі қант зауытының іргетасы қаланып, 1934 жылы 12 ақпанда пайдалануға берілді. Қант зауытының бірінші директоры К. А. Череватенко, одан кейін А. Я. Сенкеевич жетекшілік етті. Зауыт сол жылдардан бастап тоқтаусыз жұмыс істеп Меркі, Қордай, қазіргі Т. Рысқұлов аудандарында өндірілген қант қызылшасын өңдеп, халық тұтынатын шекер шығарып келді. 1990 жылдары бұл ірі кәсіпорын еліміздегі тоқыраудың салдарынан 7-ға жылға жуық уақыт тоқтап қалды. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салихалы саясатының арқасында тоқтап тұрған ірі кәсіпорындар қайта жұмыс істей бастағанда Меркі қант зауыты да заман ағымына қарай – 2003 жылы өз жұмысын қайта бастады. Қазір мұнда 800-ге тарта адам жұмыспен қамтылып, тәулігіне 500 тонна шетелдік сары шекерді қайта өңдеуден шығарады.

Қазіргі май ірімшік зауыты алғаш «Союз молоко» атымен құрылып, жұмыс істеді. Оның бірінші директоры Акрамов деген азамат болған.

1932 жылы Меркіде алғаш рет дыбысы жоқ, 1936 жылы дыбысы бар кино көрсетіле бастады.

1896 жылы Меркіде қазақ-өзбек мектебі болған.

1934 жылы қазіргі Меркі астық қабылдау мекемесі құрылды.

1923 жылы «Тұтыну кооперациясының несиелік серіктестігі» құрылды.

1934 жылы 15 қыркүйекте аудандық партия комитеті мен аудандық атқару комитетінің органы «Сталин жолы» газеті шыға бастады. Оның алғашқы редакторы Ш. Зайнуллин болды. Бұл газеттің атауы 1955 жылы «Коммунизм туы», «Знамя коммунизма» болып екі тілде шығарыла бастады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін газеттің атауы тағы да өзгертіліп 1991 жылдан бері «Меркі тынысы» деп аталады.

1939 жылы Меркі әскери комиссияараты ұйымдастырылды.

1939 жылы 14 қыркүйекте Меркіде Ақтоған, Жаңатұрмыс, Жаңатоған, Мыңқазан, Кеңес, Қызыл таң, Қызыл октябрь, Ленин жолы, Меркі орыс, Меркі өзбек, Ново-Воскресеновка, Тәтті, Қызыл интернационал ауылдық поселкелік округтер құрылды.

1947 жылы Аспара ГЭС-і, 1956 жылы Меркі ГЭС-і салынды.

1941 жылы 22 маусымда Ұлы Отан соғысы басталып, ауданнан майданға 12 мың адам аттанды, соның ішінде 17 әйелдер бар еді. 2027 меркілік Отан қорғау жолында майданда қаза болды. Көптеген жерлес майдангерлер майдан даласында көрсеткен ерліктері үшін бірнеше ордендер мен медальдарға ие болды. Үш адам Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олар П. Е. Толстов, В. И. Савва, С. А. Ларионов еді.

Соғыс кезінде «Большевик» ұжым шары қант қылшасы мен астықтан мол өнім жинап, тапқан қаражатқа әскери ұшақ сатып алып майданға жіберді. «Кеңес» ұжымшары мемлекеттік банкіге 60 мың сом аударып, майдангер жауынгерлер үшін танкі жасатты. Самайын ақ шалған қарттар мен жас балалар, ақ жаулықты аналар уақытпен санаспай күндіз түні еңбек етті. Жоғарыда атап өткеніміздей Ұлы Отан соғысына ауданымыздан 12 мыңға жуық адам аттанып, олардың көпшілігі алғашқы кезеңде Брест қамалын қорғауға қатысты. Сол сияқты Панфилов дивизиясының құрамында болып, сол кездегі астанамыз Мәскеу түбінде кеудісін от пен отққа тосқан аласапыран шайқаста үлкен ерлік көрсетті. Ленинград блокадасынның қанды қырғынын бастан кешті. Ұлы Отан соғысына күтпеген бетбұрыс жасалған Сталинград шайқасында от-жалын ортасында жүрді, Украйна мен Белоруссия майдандарына қатысып, Днепр үшін болған ұрыста үлкен ерлік көрсетті, Киев пен Минск қалаларын жаудан босатып, Польша, Вергрия, Чехословакия, Югославия, Болгария жерлерін неміс басқыншыларынан азат етті. Меркілік майдангерлер арасында 1945 жылы 9 мамырдағы Ұлы Жеңісті Берлінде қарсы алғандар бар екенін мақтаныш етеміз. Жерлес майдангерлер туған жерге кеудесі толы ордендер мен медальдармен оралып, тылдағылар оларды айырықша қуанышпен қарсы алды. Алапат соғыс кездерінде нұрлы болашағымыз үшін жан беріп, жан алысқан, батырлық пен қайсарлықтың нағыз үлгісін көрсетіп жауды жер жастандырған, сөйтіп мерейі үстем боп елге аман есен оралған, бірнеше ордендер мен медальдардың иегері атанған Үмбетов Оспан, Ыдырысов Қайсарбай, Айнақұлов Әбдез, Нарматов Артықбай, Хасенов Шамар, Дүйсенов Қаламбай, Есікбаев Ақмолда, Қозыбағаров Дәуіт, Горащенко Алексей Елесеевич, Черноков Петр Павлович, Аманбайев Өміралы, Миралиев Балтабай, Медетбеков Өмірбек, Қаныбетов Спан, Шырышбаев Алпысбай және тағы басқа көптеген ағаларымыздың есімдерін құрметпен атауға болады. Аллатағала майдан даласынан қайтпай қалған әкелеріміздің, ағаларымыздың көзіндей болған осы бір соғыс ардагерлері ағаларымыздың есімі ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса түсетіні анық.

Соғыстан кейінгі жылдары экономикасы құлдыраған шаруашылықтар еңсесін қайта көтере бастады. Олардың басы-қасында өз ісін жетік білетін жетекші басшылар болды.

Жоғарыда атап өткеніміздей негізі 1923 жылы қаланған «Тұтыну кооперациясының несиелік серктестігі» жыл өткен сайын дами түсті. Кейіннен аудандық тұтынушылар Одағы болып құрылған бұл мекемені 1950- жылдары И. М. Черкис төраға болып келгенде қатты дамыды. Меркінің сауда мекекмелері Республика, Одақ көлемінде тауар айналымының жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізді. Бірнеше мәрте Одақтың, Республиканың ауыспалы Қызыл Туына ие болды. 1960–1980 жылдары И. М. Черкистің басшылығымен Меркі өңіріне үлкен-кішісі бар 109 дүкен салынды. Оның ішінде үш қабатты «Меркі әмбебап» дүкені, «Қазақстан» мейрамханасы «Балалар әлемі» дүкені және тағы басқа сауда орындары ашылды. 1958 жылы қызылша мен астықтан аудан еңбеккерлері мол өнім алғаны үшін көптеген еңбек адамдарына КСРО жоғарғы Кеңесі Призидиумының шешімімен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 1950 жылдары ұсақ шаруашылықтар ірілендіріліп, 8 ұжымшар, 7 кеңшар құрылды.

1954 жылы Аспара кеңшары, 1956 жылы Ойтал мал бордақылау кеңшары ұйымдастырылды.