Қалқан асаймұса, қалқанды асаймұса () – ұшқаттар тұқымдасына жататын өсімдік. Қазақстанда сирек кездесетін түр, өзінің таралу аймағы Қазақстанның солтүстік шекарасында өседі. Қырғыз Алатауының батыс бөлігінде – Мерке және Қайынды тау сайларының баурайларында кездеседі. Популяциясы аз, олардың көлемі 50 гектардан аспайды. Қазақстаннан тыс Тянь–Шаньның басқа аймақтарында, көбіне батыс бөлігінде таралған. Сәндік бұта биіктігі 3 метрге дейін, жапырақ пішіндері әр түрлі және көптеген ақшыл қызғылт түтік тәрізді гүлдері қалқан тәрізді гүл шоғырына жиналған. Бұтақтары ерекше – қабығы алтыға бөлінген ұзыншақ қабырғалы.Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы

Дереккөздер

Тағы қараңыз Асаймұса

Санат:Ұшқаттар Санат:Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер