Сердеш Қажымұратов (19 наурыз 1950 жылы туған, Казталов ауданы, Әжібай а.) — актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1986).

1971 ж. Алматы мемлекеттік өнер институтының актерлік факультетін бітірді.

25 жыл бойы Қарағанды облыстық драма театрының актері болып еңбек етті. Ол Әлібек, Жапал, (М.Әуезовтың «Айман-Шолпан» мен «Еңлік-Кебегінде»), Шоқан (С.Мұқановтың «Шоқан Уәлихановында»), Қодар, Сердәлі (Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш-Баян сүлуы» мен «Ақан сері-Ақтоқтысында»), Бақыт, Алтынбек (С.Жүнісовтің «Тырау-тырау тырналары» мен «Қысылғаннан қыз болдығында»), Нияз (Т.Ахтановтың «Махаббат мұңында»), Жангелдин (М.Д.Симашконың «Төтенше комиссарында»), т.б. рөлдерді ойнаған.

10-нан аса киноға түсті, әсіресе 1986 ж. «Күзет бастығы» фильмінде Құрымбайдың рөлін жұртшылық талғамынан шығарлықтай шынайылықпен шебер сомдай білді. Сол жылы С.Жүнісовтың «Өліара» спектаклінде Жақай Тайшиевтің рөлін орындағаны үшін оған Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында бас режиссер болып істеген жылдарда (1997-2001) театр репертуарын байытуға үлес қосты.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:19 наурызда туғандар Санат:1950 жылы туғандар Санат:Казталов ауданында туғандар Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Қазақстан театр актерлері Санат:Қазақстан актерлері Санат:Қазақстан театр режиссёрлері