Өзі түсіретін вагон ( — карьерлерде тасты, көмірді, кен жүктерді тасуға арналған өзі түсіретін жартылай вагон. Өзі төгетін вагонның шанағын (кузовты) бүйір жағына еңкейтіп қисайтқан кезде шанақтың бүйір қабырғасы ашылады да, жүк төгіліп түседі. Вагон рамасынын екі жақ бүйіріне орнатылған пневмоцилиндрлер шанақты кез келген бүйіріне еңкейте алады. Пневмоцилиндрлер локомотивтегі компрессордан бөлінетін қысылған ауа мен жұмыс істейді. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 .

Дереккөздер

Санат: Терминология Санат: Металлургия Санат: Тау-кен ісі