Бағдарламаны лицензиялау – стандартты келісімге сәйкес, тележүйе тапсырыстағы бағдарламаны эфирге екі рет көрсетуге ғана құқық ала аладыҚазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009,1-т.–640 б.ISBN 978-601-03-0070-5. Бағдарлама әрқашанда компанияның меншігі болып есептеледі. Алайда компания қандай да бір шетелдік ұйымға бұл бағдарламаны пайдалану құқығының лицензиясын бере алады; дегенмен, тележүйе осы бағдарламаны толық көрсетуді аяқтамайынша оны күтуі тиіс. Себебі, компания жергілікті телестудиялардың жазуына байланысты бағдарламаны өзге де арналарға таратуды бастауы ықтимал. Сондықтан жекелеген тәуелсіз студиялар қандай да бір айқындалған нарықта тек қана бағдарламаны қайталап көрсету лицензиясын алуы мүмкін.
Дереккөздер
Санат:Журналистика Санат:Бұқаралық ақпарат құралдары