Македонска-Каменица — Македониядағы Македонска-Каменица қауымдастығының орталығыhttp://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D0%BA%D0%B5%D0%B4%D0%BE%D0%BD%D1%81%D0%BA%D0%B0-%D0%9A%D0%B0%D0%BC%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D1%86%D0%B0 Қала Осоговия тарихи-географиялық аймағындағы Каменица өзенінің және Брегалница өзенінің оң тармағының бойында орналасқан.

Тарихы

Қала Саса елді-мекені аймағында өндірілетін қалайы-мырыш кендерімен танымал болды. Өз атауын Каменица өзенінен алады. 1566 жылғы деректерде өзен атауы Камена-река деп берілген.

Сондай-ақ қала атауы алғаш рет 1570-1573 жылғы түрік тарихи жазбаларында 80 отбасы мен 59 сүрбойдақ мекен ететін ауыл ретінде айтылады. Қаланың болгар-христиандардан тұратын 350 тұрғыны болған.

Балкан соғысынан соң қала бастапқыда Сербияның қарамағына енсе, кейіннен Югославияның қол астына өтеді. Ал Екінші Дүниежүзі соғысынан кейін Каменица гүлдене түсті.

Халқы

2002 жылы өткен санақ бойынша халық саны 5147 адам екені анықталды.

македондықтар - 5096 цыгандар -14 сербтер - 8 бошняктар - 9

Дереккөздер

Санат: Македония

Санат: Қалалар