Амерсфорт – Утрехт провинциясында орналасқан Нидерланд қаласы және қауымдастығыhttp://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%BC%D0%B5%D1%80%D1%81%D1%84%D0%BE%D1%80%D1%82.

Қаланың 145 мың тұрғыны бар. Қаланың Амерсфорт атауы екі бөліктен тұрады : Amer (бүгінде Эм аталатын өзеннің ескірген атауы) және foort (аяқ өткел, заманауи нидерланд тілінде – voorde).

Орта ғасырларда Амерсфорт экономикасының негізі сыра қайнату мен шұға өндірісі болған. Ал 18-ғасырда аймақ темекі өндірісімен танымал болған. Бүгінде қалада бірқатар халықаралық ұйымдардың штаб-пәтері орналасқан.

Golden Tulip (Golden Tulip Hospitality Group) – халықаралық қонақ үй операторы; Yokogawa Еуропа бөлімшесі – электржабдықтар мен бағдарламалық қамсыздандыру өндірушісі; Nutreco – азық-түлік өнімдері мен жануарларға арналған азықтар өндірушісі; Arcadis – консалтинг және инжиниринг, DHV – консалтинг және инжиниринг

Дереккөздер

Санат:Нидерланд Санат:Қалалар