Виктор Николаевич Голев (14 қаңтар 1939 жыл, Ақсу ауданы, Алматы облысы) — кеңестік және қазақстандық ғалым, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты.
Әкесі - Голев Николай Сергеевич, марқұм, Қазақ темір жолының диспетчерлік қозғалыс қызметінде жұмыс істеген. Анасы - Фокина Антонина Николаевна, марқұм, Қазақ медицина институтының доценті болған. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген (1961), тау-кен инженер-геофизигі. Өндірістік және тақырыптық еңбектер бойынша ондаған есептердің, журнал мақалаларының, жинақтар мен монографиялардағы бөлімдердің авторы. 1962-1966 жылдары - Ақадыр геофизикалық экспедициясының Балқаш партиясында аға техник-геофизик, инженер-геофизик, отряд бастығы. 1968-1970 жылдары -Балқаш геофизикалық партиялар тобының және Балқаш геофизикалық экспедициясының партия бастығы. 1971 жылдан - Балқаш кешенді геологиялық-геофизикалық экспедициясының партия бастығы. 1974 жылдан - Конго Халық Республикасындағы кеңес геологтар тобының аға геофизигі. 1976 жылдан - Балқаш геологиялық барлау экспедициясының партия бастығы. 1980 жылдан - Қазақ минералды шикізат ғылыми-зерттеу институты мыс бөлімінің аға ғылыми қызметкері м.а., 1982 жылдан – аға ғылыми қызметкері. 1989 жылдан - «Қазгеология» Бас үйлестіру-геологиялық басқармасының және ҚазКСР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінің бас маманы. 1992-1993 жылдары - ҚР Геология министрлігі Біліктілік арттыру институтының аға ғылыми қызметкері. 1994-1996 жылдары - Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті жанындағы Қазіргі заманғы геология мәселелері жөніндегі ғылыми орталықтың аға ғылыми қызметкері. 1997 жылдан - ҚР ГА Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология институтының аға ғылыми қызметкері. 1999 жылдан - «Геоинцентр» ЖШС жетекші геологы. 2001 жылдан - «Геоинцентр» ЖШС бас геологының оры басары. 2008 жылдың желтоқсанынан бері - «Әсем Тас-Н» ЖШС бас маманы. «ҚР Құрметті жер қойнауын барлаушысы» дипломымен және белгісімен марапатталған. Үйленген. Жұбайы - Голева Людмила Вавиловна (1940 ж. т.). Қызы - Наталья (1968 ж. т.).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:1939 жылы туғандар Санат:Ақсу ауданында туғандар Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті түлектері Санат:Геология-минералогия ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақстан геологтары Санат:Қазақстан құрметті жер қойнауын барлаушылары Санат:Қазақстан орыстары Санат:14 қаңтарда туғандар