Атырау теледидары — "Қазақстан" РТРК" АҚ Атырау облыстық филиалы.Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57..
Қайта жарақталған үш қабатты ғимаратта екі студия бар: негізгі студияның ауданы 185,9 шаршы метрді құраса, ақпараттық бағдарламаларға арналған шағын студияның ауданы 17,5 шаршы метр. Бірінші және екінші қабаттарда студиялар, ақпараттық және тақырыптық хабарлар редакциялары, қор материалдарын сақтауға (S-VHS и DVCAM форматында) арналған бейнеқор және әкімшілік бөлме орналасқан. Ал ғимараттың үшінші қабатында өңдеу, эфир және аппараттық бөлме бар.
Филиал қызметкерлері толықтай компьютермен қамтамасыз етілген, Интернет желісінде жұмыс жасау мүмкіндігіне ие. Атырау облыстық филиалы: хабар тарату ("Қазақстан-Атырау" телеарнасы) 5 арна арқылы Атырау қаласы бойынша 14 сағат (дүйсенбі жұма 7.25-тен 00.20-ға дейін, сенбі жексенбі 8.55-тен 00.00-те дейін) және Атырау облысы бойынша 16.50-ден 17.50-ге дейін тәулігіне бір рет бір сағат шеңберінде (демалыс және мереке күндерін есептемегенде) хабар таратылады. Облыс тұрғындарының қамтылу деңгейі 97,15%.
Бағдарламалар Атырау қаласындағы ТПВ 1 ООО РТС таратқышы арқылы беріледі. Филиалға қарасты "Қазақстан Атырау" облысы радиосы 102,0 FM жиілігінде тәулігіне 14 сағат хабар таратады. Атырау филиалының базасында стандартқа сай қосылған құрылғылардың толыққанды жұмысын қамтамасыз ететін алты желілік емес өңдеу жүйелері (Adobe Premiere 6.0, EDIUS, Velocity бағдарламаларында) жұмыс жасайды. Композит, SVHS және DVге арналған шығыс, кірістер бар. Бейнеөңдеу кешендерінің әрқайсысы SONY DSR-1500АР бейнемагнитофондары мен бейне және дыбыс қадағалауға арналған құрылғылармен жарақталған.
Техникалық базаны жетілдіру, жаңа технология енгізу, тұрақты және үздіксіз жұмыс түзімін қамтамасыз ету мақсатында 2008 жылы арнаның дыбыс режиссерлері, таспагерлері мен тілшілері Біліктілік көтеру орталыгынан (Алматы қаласы, "Қазақстан" РТРК) білім-дағдыларын шыңдауға жіберілді. Айта кетерлік жәйт, БКО-қа алыс және жақын шетелдерден (Ресей, Германия, Швеция) телевизиялық шеберлікке баулу саласының үздік мамандары мен әдіскерлері шақырылады. Жыл сайын кәсіби біліктілікті жетілдіру, техникалық базаны игеру, теледидар және радиохабар тарату құралдарын дамыту мақсатында БКО-қа бас инженерлер, телеарна және радио мамандары жіберіліп, жалпылай және жекелей алғандағы филиалдарға тән ортақ техникалық мәселелер талқыланып отырады.
Болашақта жыл сайын бірқатар мамандарды (дизайнерлер, бейнеөндеушілер, жарық берушілер мен инженерлік топ) оқыту межеленіп отыр. Шығармашылық 2008 жылы Атырау облысы филиалы жаңа маусым шымылдығын 19 тақырыптық бағдарламамен ашты. Байқау РФ Астрахандық тәуелсіз баспасөз клубының ұйымдастыруымен өтті. Телерадиоарна пандемия кезінде (2019-2022 жж.) 2020 жылы COVID-19 пандемиясы кезіндегі телерадиоарнаның жұмысы туралы 2019-2022 жж. «Қазақстан РТРК» АҚ Атырау облыстық филиалы директоры болған Қанат Әуесбай еске алады:
2019-2022 жж. «Атырау» телеарнасында жасалған креативті тележобалар БАҚ арасындағы көптеген республикалық, халықаралық жүлдеге ие болды. Табысты жылдың қорытындысы ретінде 2020 жылы телеарнада «Жүлде жауған жыл» мерекелік тележобаcы түсірілді; 2019 ж. Телерадионың 4 редакторы - Слухия Қаттарқызы, Индира Мерекенқызы, Шолпан Абатқызы, Гүлназ Кәрімжан Журналистер одағы сыйлығы лауреаты;На волнах «Атырау» — «Прикаспийская коммуна», 02.07.2019. 2020 ж. Атырау филиалына қарасты «Атырау радиосының» «Эфирде 102FM» телерадиохабары өңірлік радиолар тарихында тұңғыш рет «Радиостансадағы үздік жоба» аталымында «Urker» Ұлттық сыйлығына ие болды. Жоба жетекшісі: Қанат Әуесбай, редакторы: Орынгүл Қалмырза.Телерадиохабардың «Эфирде 102FM» аталу себебі туралы телерадиоарнаның 2019-2022 жж. директоры Қанат Әуесбай:
2020 ж. Телеарнаның «Жаңалық қызметі» тілшісі Нұрислам Ғұмар БАҚ өкілдеріне арналған республикалық «Нұр Сұңқар» сыйлығының иегері атанды. Жоба жетекшісі: Қанат Әуесбай; 2020 ж. Еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін сАтырау» телеарнасы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды; 2020 жылы телеарна режиссері, ардагері Разия Касымова көп жылғы еңбегі үшін тұңғыш рет Президент Алғысымен марапатталды; 2021 жылы «Журналистік зерттеу» бағдарламасымен редактор Орынгул Махмуд «Ақтөбе» телеарнасының 60 жылдығына орай өткен республикалық байқаудың Гран-При иегері; 2020 ж. Телеарна продюсері Гүлназ Кәрімжан «Қандастар» жобасымен Тұңғыш Президент қоры мен кітапханасы БАҚ өкілдері арасында өткізген халықаралық байқаудың «Үздік телевизиялық жұмыс» аталымында III-орын иегері; 2021 ж. «Қазақстан мұнайы - ел экономикасына» атты «Теңізшевройл» компаниясы ұйымдастырған журналистер байқауында телеарнаның 7 бірдей редакторы жеңімпаз атанып, редактор Зейін Ерғали бас жүлдегер, «Атырау» телерадиосы «Облыстағы таңдаулы БАҚ» атанды. 2022 ж. Телеарнаның «Каспийден кеткен қыпшақтар» 5-бөлімді деректі фильмі «Тұмар» Ұлттық сыйлығына ие болды. Жоба жетекшісі: Қанат Әуесбай, редакторы: Айнагүл Қонысқалиқызы.
Осы жылдары өндіріске берілген тележобалар арасында Атырау телевизиясында форматы жөнінен тұңғыш дайындалған хабарлар бар. Олар: өзен бойында түсірілген «Жайықтағы жүздесу» сұхбат хабары, «Нұржан айтады» әлеуметтік телетолғауы, «Балық отаны» репортаж-хабары, дронмен түсірілген «Ақжелең. Күй терапиясы», «Аспан асты Атырау» бағдарламаралық хабарлар, Атырауда тұратын шетелдіктермен сұхбатқа құрылған ағылшын тіліндегі «Батыс көрген» хабары. Сондай-ақ, «Еуразия ендігінде» онлайн ток-шоуы, тұңғыш рет кросс-медиа форматында дайындалған «Эфирде 102 FM» телерадиохабары жасалды. «Еуразия ендігінде» онлайн ток-шоуында zoom әлеуметтік желісі мен телевизия мүмкіндігі пайдаланылса, «Эфирде 102 FM» бағдарламасы телеэфир мен радиотолқында бірдей тарады. «Атырау радиосының» жаңа логотипі даярланып, радиостудия мен телестудия жаңа декорациямен жаңаланды.«Atyraý radiosy»-ның жаңа радиостудиясы ашылды — «Egemen Qazaqstan», 29.06.2020. 2020 жылдың 10-тамызында «Атырау» телеарнасында алғаш рет әлеуметтік желі мен тікелей эфирді біріктірген «Мәңгілік Абай» онлайн телемарафоны өтті. Телемарафон Абай күніне орай ұйымдастырылды. «Мәңгілік Абай» онлайн телемарафонына өңірдегі қала, аудандарынан, сондай-ақ, ауылдарынан руханият, өнер мен мәдениет өкілдері қатысты. Абай өлеңдері мен қарасөздері оқылып, әндері шырқалды. Абайдың өмір жолы, шығармашылығынан сыр шертетін еңбектер көпшілік назарына ұсынылды. Ақын Жұмекен Нәжімденовтың 85 жылдығына орай #Jumeken85 республикалық өлең эстафетасы жарияланып, оған еліміздің танымал азаматтары қатысты. Олардың арасында композитор Илья Жақанов, ақын Ұлықбек Есдәулет, сенатор Нұртөре Жүсіп, журналист Жанарбек Әшімжан, композитор Төлеген Мұхамеджанов, ақын Алмас Ахметбекұлы, сенатор Сарсенбай Енсегенов, сол кездегі ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова сияқты танымал азаматтар бар. Эстафетаның қорытындысы ретінде Атырау облысындағы орта мектеп оқушылары соңғы қоңырауда Жұмекен өлеңдерін жатқа оқыды.Жұмекен Нәжімеденов оқуларын атыраулық оқушылар аяқтады— «Qazaqstan» телеарнасы, 26.05.2020. Илья Жақановтың шығармашылығына арнап, «Біздің Илья» деректі фильмдер циклы жасалды. 20-бөлімнен тұратын фильмдер циклында композитордың өнермен өрілген өмірінде кездескен ел азаматтары туралы өнегелі әңгіме, тарихи естелік айтылды. Фильмдер циклы Илья Жақановтың 85 жастық мерейтойына орайластырылды. Сондай-ақ, Атыраудан шыққан елдік ауқымдағы тұлғалардың мерейтойына орай «Елтұтқа» 12-бөлімді деректі фильмдер циклы әзірленді. «Атырау облысының құрметті азаматы» атағын алған асқар бел азаматтар туралы «Құрметті азамат» хабарлар циклы шықты. Египеттегі Қазақстан елшілігімен және Атыраудағы Халел университетімен бірлесіп Каир қаласынан «Каспийден кеткен қыпшақтар» деректі фильмі циклы әзірленді. Сұлтан Бейбарс, Қалауын Сұлтан туралы сериялы фильмдер көрермен сүйіспеншілігіне бөленді. Карантин жағдайында жүзеге асқан бұл сапарға Атырау университетінен ректор Саламат Нұрмұханұлы қолдауымен тарихшы ғалым Аққали Ахмет кеңесші болды. Пандемия жағдайында Египеттегі Қазақстанның елшісі Қайрат Лама-Шариф қолдауының арқасында жүзеге асты. Атырау телевизиясының ардагері Айтқали Құмарғалиұлы медиа-аудиториясы ашылды: ATYRAÝ телеарнасының Айтқали Құмарғалиұлы аудиториясы көптеген рухани, мәдени, білім беру іс-шарасының орталығына айналды. Соның бірі - Құныскерей Қожахметұлы туралы республикалық ғылыми-практикалық дөңгелек үстел. Атырауға келген көптеген мәртебелі қонақ медиа-аудиторияға арнайы келіп, сұхбат беріп, БАҚ саласының танымал өкілдері шеберлік дәрісін өткізді. 2020 жылы телеарнада экологиялық мәдениетті дәріптейтін «ЭКОқоғам» хабары ашылды:
Кадр тартуда жүйелі жұмыс жасалды. «Атырау» телеарнасына еліміздің маңдайалды оқу орындары – Еуразия ұлттық университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Жүргенов атындағы Өнер Академиясының түлектері - жас мамандар тартылды. Солардың бірі - «Шабыт» халықаралық шығармашылық фестивалінің дипломанты, ақын Ажар Ерболған шеф-редактор боп қызмет етті. Ажар Ерболған өзі жүргізген «Біздің болашақ» хабарымен «Қазақстан медициналық кеңесі» медициналық білім және ғылым ұйымдарының қауымдастығы ұйымдастырған БАҚ өкілдері арасындағы республикалық байқауда «Медициналық журналист» аталымында жеңімпаз болды. Шығармашылық құрамның жемісті қызметі нәтижесінде «Атырау» телеарнасының өнімдері бірнеше рет «Qazaqstan» телеарнасының «Таңшолпан», «APTA» хабарларынан, «Abai TV» телеарнасынан көрсетілді.
Дереккөздер
Санат:Журналистика Санат:Бұқаралық ақпарат құралдары