Көкбозат (Кохаб, β Кіші Аю) — 2,0 көрінерлік (визуалды) жұлдыздық шамада жалтырап көрінетін, Кіші Аю шоқжұлдызындағы үш жарық жұлдыздың бірі. Көкбозат – көмескілеу үш жұлдыз (“Арқан жұлдызы”) арқылы Темірқазыққа жалғасып жатқан көкшілдеу жұлдыз. “Көкбозат” аталуына жұлдыз түсінің көкшілдігі әрі Темірқазыққа арқандалғандай айнала қозғалуы себеп болған. Қазақстан аумағында жыл бойы көрінеді.
Пайдаланған әдебиет Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том
Санат:Кіші Аю шоқжұлдызының жұлдыздары