Комратов Ратмир Әлімханұлы (23 маусым 1951, Жамбыл, Жамбыл облысы, Қазақ КСР) — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жоғары қолбасшылығының өкілі, контр-адмирал, Қазақстан Республикасы ӘТК бас қолбасшысы (2008-2009).
Өмірбаяны Севастополь жоғарғы Әскери-теңіз инженер училищесін (1973), адмирал Кузнецов атындағы Әскери-теңіз академиясын (1990) бітірген. 1973 – 1982 жылы Камчаткадағы (Ресей) 2-ші Флотилияның стратегиялық мақсаттағы ракеталық сүңгуір қайықтарында түрлі лауазымдық қызметтер атқарған. 1982 – 1988 жылы КСРО Қорғаныс министрлігінің 992-ші әскери өкілдігінде кіші әскери өкілден, осы өкілдік бастығының орынбасарлығына дейін қызмет атқарған. 1988 – 1990 жылы адмирал Кузнецов атындағы Әскери-теңіз академиясының тыңдаушысы. 1990 – 1992 жылы КСРО Қорғаныс министрлігінің 992-ші әскери өкілдігінің бастығы. 1992 – 2001 жылы ҚР Қорғаныс министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы бастығының орынбасары, Әскери-теңіз базасының командирі, Әскери-теңіз күштері қолбасшысының орынбасары, қолбасшысы, республика Қорғаныс министрлігінің генерал-инспекторы. 2001 – 2002 жылы Маңғыстау облысы әкімінің қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі орынбасары. 2002 жылдың ақпан айынан Батыс әскери округінің, қазіргі «Батыс» аймақтық қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы. К. КСРО мен Қазақстан Республикасының бірнеше медальдарымен марапатталған. Тараз Энциклопедиясы
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Ратмир Комратов
Санат:1951 жылы туғандар Санат:Қазақстан әскерилері