Маулане Пайрауи, Шаһ Мұхаммед ибн Хисам ад-дин Бұхари (т.-ө.ж.б.) – тарихшы. Негізгі еңбегі Жалис әл-Муштақин парсы тілінде жазылған. М. П. өмірі жайлы нақты деректер жоқ. Кей мәліметтерге қарағанда, Бұхарадан шыққан және ислам дінбасыларымен жақын болған. М. П. шығармасын естеліктермен, шәкірттерінің, дос-жарандарының әңгімелері негізінде жазған. Бұл еңбек қазақ халқының ортағасырлық тарихы үшін бағалы дерек көзі болып табылады.

Қазақ Энциклопедиясы Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, 6 том Сілтемелер