Каримуллин Абрар Гибадуллаұлы«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том (1925 жылы туған, Татарстан, Сабин ауданы) – ғалым, филология ғылымы докторы (1978). Қазан университетін бітірген (1953). Қазан университетінің ғылыми кітапханасында сектор меңгерушісі, директордың орынбасары, КСРО ҒА Қазан филиалының Тіл, әдебиет және тарих ин-тында ғылыми қызметкер болған. Бұрынғы Кеңес Одағындағы түркі халықтарының тілдерінде кітап басу ісінің тарихын зерттеген тұңғыш ғылым докторы. Оның еңбектерінде 19 ғасыр мен 20 ғасыр басында Қазан, Уфа, Орынбор, Санкт-Петербург, Ташкент, Семей, тағы басқа қалалардың баспаханаларында жарық көрген қазақ кітаптарының тарихы да зерттелген. Каримуллин Қазақстанда Қазан төңкерісіне дейін таралған татар тіліндегі кітаптарды, шығыстанушы ғалымдар мен саяхатшылардың жазбаларын, діни кітаптарды, араб, парсы, түрік және еуропа тілдерінен жасалған аудармаларды, фольклорлық басылымдар, поэзиялық жинақтар, оқулықтардың жариялануы сынды мәселелерді терең зерттеп, қазақ кітаптану ғылымының қалыптасуына игі ықпалын тигізді.
Дереккөздер:
Санат:1925 жылы туғандар Санат:Татарстан ғалымдары Санат:Шығыстанушылар Санат:Түркітанушылар Санат:Қазан университеті түлектері