Жарылғапберді Жұмабайұлы (1851, Павлодар облысы Баянауыл ауданы — 1914, Баянауыл ауданы) — әнші, композитор, ақын.
Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан.
Ауыл мектебінде оқыған. Шығыс поэзиясын жақсы білген. Ел арасында жыр, қиссаларды жатқа айтып, саятшылық өнермен айналысқан, палуандар сайысына да қатысқан. Біржан салды ұстаз тұтқан. Шыңғыс Уәлиханов пен Мұса Шормановтармен араласа жүріп, Жарылғапберді Көкшетау, Қызылжар, Омбы өңірінде шыққан әндерді Баянауыл мен Ертіс бойына жеткізген. Қобызшы Қанғожа, әнші Қозыкемен дос болған. Ол шырқаған “Топайкөк” әні ел ішіне кең тараған. Жарылғапбердінің махаббат тақырыбына арнаған әндері кезінде көп болған. Халық жадында тек “Шұбартау”, “Шама”, “Қаракөз”, “Ардақ” әндері сақталған. Бұл әндерді Балабек пен Сапарбай Ержановтар, Қ.Байжанов, Ұ.Айтбаев орындап, бүгінгі ұрпаққа жеткізді.
“Азаң” әнін А.В. Затаевич өте жоғары бағалап, “музыка өнеріндегі құнды олжа” деп атаған. А.Жұбанов Жарылғапбердіні “ұлттық ән өнерінің ірі өкілі” деп бағалаған.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:1851 жылы туғандар Санат:Баянауыл ауданында туғандар Санат:1914 жылы қайтыс болғандар Санат:Баянауыл ауданында қайтыс болғандар Санат:Қазақстан әншілері Санат:Қазақстан сазгерлері Санат:Қазақ ақындары