Юрий Осипович Домбровский(12 мамыр 1909, Мәскеу – 29 мамыр 1978, Мәскеу) – орыс жазушысы, аудармашы.

1933-39 жылдары мектепте мұғалім, директор

Қазақстан мемлекеттік орталық музейінде аға ғылыми қызметкер.

Бірнеше рет репрессияға ұшырады, тек 1956 жылы ақталды.

1956 жылы Мәскеуге қоныс аударды. Романдары жақсылық пен жамандық, ерлік пен ездік сияқты адамгершілік мәселелеріне арналған. «Гоголь көшесіндегі ағаш үй» атты естеліктер кітабында (1973) қазақ қаламгерлері туралы жылы лебіздер айтқан. «Шығармашылық ерлік» деген мақаласында Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын көркемсөзде жасаған нағыз ерлікпен пара-пар деп бағалаған («Дружба народов», 1958, №11).Мұхтар Әуезов энциклопедиясы Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 987-601-282-175-8

Дереккөздер

Санат:12 мамырда туғандар Санат:1909 жылы туғандар Санат:Мәскеуде туғандар Санат:29 мамырда қайтыс болғандар Санат:1978 жылы қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:XX ғасыр жазушылары Санат:Орыс жазушылары Санат:КСРО жазушылары Санат:Тарихи романдар авторлары Санат:КСРО-да қуғындалғандар Санат:Ресей мемуаршылары Санат:КСРО мемуаршылары