Неміс тілі нобай|2006 жылғы Eurobarometer сауалнамасына сәйкес, Еуропалық Одақта, кейбір Еуропалық Одаққа кандидат елдерде, Швейцария мен Лихтенштейндегі неміс тілін жетік білу деңгейі. нобай|Прагадағы Германия елшілігінде неміс тілін насихаттауы. Неміс тілі үнді-еуропалық тілдер тобына жататын герман тобының батыс германдық топшасына жатады. Неміс тілінің диалектілік бөлінуінің негізіне батыс-германдық тайпалар - франктер, сакстер, турингтер, алемандар, баварлар (баюварлар) диалектілері жатады. Жазуы латын графикасы негізінде. Әдеби неміс тілінің аустриялық және швейцариялық нұсқалары ГФР –дағы әдеби неміс тілінен диалектілер мен сөйлеу тілі ара қатынасы сипаты және түрлі әдеби тілдерді пайдалануымен ерекшеленеді. Неміс тілі нұсқаларындағы ауызша сөйлеу айырмашылығы неміс тілінің диалектілік бөлінуімен ескерілген. Неміс тілінде бүкіл әлем бойынша шамамен 90-105 миллион адам сөйлейді, ал тағы 80 миллион адам екінші немесе шет тілі ретінде сөйлейді.

Гёте институты - бүкіл әлемде неміс тілі мен мәдениетін зерттеуді насихаттайтын ұйымдардың бірі. Шамамен 150 филиалы бар институт 2025 жылға қарай 99 елде өкілдік етеді. Институт сонымен қатар Қазақстанның бірқатар қалаларында жұмыс істейді. нобай|Эмиль Допплердің Екінші Мерсебург Тұмарының бейнесі - ескі жоғары неміс тілінде сақталған континенттік герман пұтқа табынушылығының бірнеше белгілі мысалдарының бірі.

Діни наным-сенімдері нобай|Берлиндегі евангелиялық лютерандық шіркеуі. нобай|2022 жылғы халық санағы бойынша округ деңгейіндегі діни сенім: сары: католик, күлгін: протестант, жасыл: басқалар (діни сенімі жоқ, басқа діндер немесе ақпарат жоқ); Діни наным-сенімдері – протестанттар (негізінен лютерандар) мен католиктер. Германиядан тыс жерде тұратын немістер арасында католиктер мен лютерандардан басқа, протестантизмнің басқа бағыттарын - баптистер, адвентисттер, меннониттер, елуліктер және т.б. ұстанатындар көп.

Дәстүрлі киімдері нобай|Саар-Мозель аймағынан қалпына келтірілген дәстүрлі киімдер. нобай|Бюккебург мерекелік киімі. Неміс халқының дәстүрлі киімдері орта ғасырлар негізінде XVI-XVII ғғ. қала сәні киімдері элементтерінен қалыптаса бастаған. Әйел адамдардың киімдерінің негізгі элементтері- корсаж немесе кофта, бүрмелі белдемше, алжапқыш. Ерлер киімдері жейдеден, қысқа немесе ұзын шалбардан, жеңсіз киім (кейіннен жилет), мойынға тағатын орамал, кебіс немесе етіктен тұрған. Қойшылар, мұржа тазалайтындар, кеншілер, гамбург балташыларының дәстүрлі кәсіптік киім үлгілері бар. Кейбір күнтізбелік және отбасылық ғұрыптар, ең бастысы католиктерде сақталып қалған. Жаңа жылғы немесе Рождествоға арнап шыршаны безендіру XIX ғ. Германиядан таралған.

Дәстүрлі тағамдары нобай|Дәстүрлі неміс аңшылық тағамы, сәл жеңілірек: бұғы етінен жасалған гуляш, нан тұшпаралары, қуырылған көк пияз және мүкжидек тұздығымен. нобай|Неміс аралас дәнді қара бидайдан жасалған нан. нобай|Крендель және тәтті қыша қосылған ақ шұжықтар. Дәстүрлі тағамдары – тауық кеспесі (нудль), үзбе кеспе қосылған көже, жеміс көжесі. Мерекелерде қырық қабат қосылған шошқа немесе қаз етін дайындап, бәліш (кухе) пісіреді. Ораманың (штрудель) бірнеше түрі бар. Қысқыға шошқа майын, ет және балықты сүрлейді, шұжықты әр түрін жасайды. Сусындар ішінде кофе ішкенді ұнатады.

Халық ауыз әдебиетінде шванкалар (қысқа әзіл әңгімелер), ертегілер, әңгімелер басым, сонымен бірге халық билері мен әндері де кеңінен таралған. Санат:Халықтар