Гвардейский — Жамбыл облысының Қордай ауданы, Отар ауылдық округі құрамындағы әскери кент.
Географиялық орны Аудан орталығы — Қордай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 70 км-дей жерде, Құлжабасы тауларының оңтүстік етегінде орналасқан. Жақын темір жол стансасы — Отар (3 км).
Тарихы Іргесі 1973 жылы қаланған. Онда әскери бөлімдер орналасқан.
Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен6537 7898 120,8 3200 4437 138,7 3337 3461 103,7
Инфрақұрылымы Кентте тұрмыс қажетін өтейтін комбинат, орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, жүзу бассейні, аурухана бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль және темір жол арқылы қатынасады.
Дереккөздер
Санат:Қордай ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан кенттері