Гагарин Юрий Алексеевич (9 наурыз 1934 жыл, Смоленск облысы, Гжат ауданы (қазіргі Гагарин), Клушино ауылы — 27 наурыз 1968 жыл, Владимир облысы) – КСРО ұшқыш-ғарышкері, ғарыш кеңістігіне сапар жасаған ең бірінші адам, полковник (1963), Кеңес Одағының Батыры (1961).

Өмірбаяны 1961 жылы 12 сәуірде Восток ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан тарихта тұңғыш рет ғарышқа ұшты. Ол Жерді айналып ұшып, 1 сағат 48 минуттан кейін Жерге қайта қонды. 1951 жылы Мәскеу маңындағы Люберцы қаласыңдағы қолөнер училищесін, 1955 ж. Саратов индустрия техникумын бітірген. 1955 жылдан Кеңес Армиясы катарында.

1-Чкалов әскери-авиац. ұшқыштар училищесін бітіргеннен (1957) кейін Солтүстік флоттың жойғыш авиациялық бөлімдерінде қызмет етті.

1960 ж. ғарышкерлер қатарына алынды. 1961 жылдан ғарышкерлер отрядының командирі болды.

1961 ж. 12 сәуірде тарихта тұңғыш рет "Восток" ғарыш кемесімен Байкоңыр ғарыш алаңынан ғарышқа ұшты. Бұдан кейін ол ұшқыш-ғарышкер ретінде өзінің ұшу шеберлігін жетілдіріп, ғарышкерлерді үйретіп - жаттықтыру ісіне тікелей араласып, ғарыш кемелерінің ұшу процесін басқаруға қатынасып отырды.

1968 ж. Әскери-әуе инженерлік академиясын бітірді.

1964 — 68 ж. Ғарышкерлерді даярлау орталығы бастығының орынбасары болды. Ол бірнеше елдерде болып қайтты. Гагарин ұшақпен жаттығу кезінде қаза тапты (Владимир обл. Киржак ауд.Новоселово селоның маңында). Мәйітінің күлі Мәскеудің Қызыл алаңындағы Кремль қабырғасына қойылған.

нобай|Бразилия президенті Янио Квадрос 1961 жылы Гагаринді безендіреді.

Марапаттары

1966 жылдан Астронавтика халықаралық академиясының құрметті мүшесі.

Ленин орденімен, медальдермен және көптеген шет ел ордендерімен марапатталған. Чехословакияның Социалистік Еңбек Ері

Болгарияның Батыры

Венгрияның Еңбек Ері атақтары берілді. thumb|left| alt=A.| Есте қалдыру Монинодағы (Мәскеу обл.) Әскери-әуе академиясына

Айдың арғы бетіндегі кратердің біріне Гагарин есімі берілген.

1968 ж. Халықаралық авиациялық федерациясы Ю.А. Гагарин атындағы алтын медаль тағайындады.

Ресейдегі ғарышкерлерді даярлау орталығы

Гагарин атындағы Ресей ҒА-ның ғылыми-зерттеу кемесі

Дүние жүзінің көптеген оку орындары, қалалардағы көшелер мен алаңдар Гагарин есімімен аталады.

“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Филателияда

Дереккөздер

Санат:9 наурызда туғандар Санат:Гагарин ауданында туғандар Санат:27 наурызда қайтыс болғандар Санат:Киржач ауданында қайтыс болғандар Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:КСРО әскери ұшқыштары Санат:КСРО полковниктері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Тың жерлерді игергені үшін медалінің иегерлері Санат:Қалтқысыз қызметі үшін медалінің иегерлері Санат:КСРО ұшқыш-ғарышкерлері Санат:КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шеберлері Санат:Болгария социалистік еңбек ерлері Санат:Чехословакия социалистік еңбек ерлері Санат:Вьетнам социалистік еңбек ерлері Санат:Георгий Димитров орденінің иегерлері Санат:Карл Маркс орденінің иегерлері Санат:КСРО мемуаршылары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Санат:Байқоңырдың құрметті азаматтары