Бородулиха — Абай облысы Бородулиха ауданындағы ауыл, аудан және Бородулиха ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Облыс орталығы - Семей қаласының солтүстік-шығысында 52 км-дей, Белағаш темір жолы станциясының шығысында 25 км жерде, Үлкен тұзды көлінің жағалауында, құрғақ далалық белдемде орналасқан.

+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен5226 5912 113,12465 2760 112 2761 3152 114,2

Тарихы Бұрыңғы атауы Ойағаш.https://abai.kz/post/164151 Бородулиха селосының іргесі ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысында қаланған. 1917 жылдарға дейін Бородулиха Уралдан Шығысқа дейін созылып жатқан көптеген селолардан айырмашылығы жоқ үлкен село болған. Әкімшілік орналасуы жағынан Бородулиха Томск губерниясына, Змеиногорск уезіне қатысты болған және болыс орталығы болған. Сондай ақ, егер Сібір түгелімен хандық Ресейдің шеті болса, Бородулиха одан да шеткері орналасқан. Экономикалық жағынан село Змеиногорск, Томск қалаларына қарағанда Семей қаласына жақын болған. Ол кездері Змеиногорск шаруалар қатынамайтын шағын уезд болған. Сібірдің барлық шаруалары сияқты Бородулиха селосының тұрғындары жерді жеке меншікке алуды білмеген. Жер жеке қолданыста болғанымен қоғамдық ұйғарымда табылған. 1950-1995 жылдары астық шаруашылығымен айналысатын “Заветы Ильича” ұжымшарының орталығы болған.

Кәсіпорындары Ауылда орман шаруашылығының мекемесі, “Кең дала”, “РУТ”, “Асыл”, “ШОС” ауыл шаруашылығы акциондік қоғамдары мен шаруа қожалықтары, май зауыты, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, т.б. мекемелер жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Баспахана, орта мектептер, кітапхана, мәдениет үйі және аудандық емдеу орталықтары бар. Тұрғындары Өскемен және Семей қалаларымен, басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы қатынасады.

Тарих және мәдениет ескерткіштері Бородулиха ауданында Абай облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген 58 тарих және мәдениет ескерткіші орналасқан. Олардың 53 — археология ескерткіші, 5 — монументтік өнер құрылысына жатады.

Дереккөздер

Санат:Бородулиха ауданы елді мекендері