«Ле Фигаро» () – 1826 жылы негізі қаланған Францияның күнделікті таңғы газеті. Франциядағы ең көне ұлттық газет Le Figaro Le Monde және Libération газеттерімен бірге Францияның жетекші басылымдарының бірі болып саналады. Le Figaro — Le Monde-дан кейінгі екінші ең ірі ұлттық газет. Газет атауы Бомаршенің пьесаларының кейіпкері Фигароның құрметіне берілген. Газеттің атауының астына басылған ұраны да осы автордың «Ақымақ күн, немесе Фигароның үйленуі» пьесасынан алынған: «Сын айту еркіндігі болмаған жерде ешбір мақтаудың маңызы жоқ» ().

Дереккөздер

Санат:Франция газеттері Санат:Француз тіліндегі газеттер Санат:1826 жылы негізі қаланған газеттер