Хорхе Факундо Арана Тагэ () – Аргентина киноактері.

1972 жылы 31 наурызда Буэнос-Айресте туған. 15 жасында театрда өнер көрсеткен. Саксофонда өте жақсы ойнайды. 1992 жылдан бастап телехикаяларда түрлі рөлдерді сомдап жүреді. «Қыздар» атты телехикаядан соң халыққа кеңінен таныла бастайды. Атақты Наталья Орейромен бірге түскен «Жабайы періште» телехикаясынан соң, Факундо Арана Ресей, Израиль, Польша, Чехия, Қазақстан елдеріне танылады. «Побег» (исп. La Fuga), «Дотянуться до небес» (исп. Tocar el cielo) т.б фильмдер мен телехикаяларда ойнайды. 2002 жылы шыққан «099, Орталық» атты фильмде Томас Ледесма рөлімен «Ең үздік актер» атағына ие болады. Мартин Фиерро ұлттық сыйлықпен бірнеше рет марапатталған.

Дереккөздер